Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Елімізде Алатау деген жаңа қала пайда болады.
Алматы облысына қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылмақ.
«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін», — делінген ашық НҚА порталында жарияланған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасында.
Осы жылдың 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылып отырған аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.
Сіздің бұған көзқарасыңыз қалай?)
2️⃣ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді.
16 жасқа дейінгілер арасында еліміздің қыздар құрамасы Испанияның Кордова қаласында өткен Billie Jean King Juniors Finals турнирінің қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді.
Қазақстандықтар бастапқыда Аргентина құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Алайда Бразилия мен Ұлыбританиядан жеңіліс тапты. Қосымша жарыста Қазақстан құрамасы Алжирді 3:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін Колумбия мен Латвияны 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде, әлемнің үздік 16 командасының арасынан 9-орынға табан тіреді.
Құтты болсын!👏🏻
3️⃣ Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайнда айналымға шыққан теңгелерді таныстырды.
Ұлттық банк мәліметінше, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000 теңгелердің дизайны өзгерген.
Жаңа банкнот сериясы өндірілген кезде айналымға түседі. Номиналы 5 000 теңге болатын жаңартылған дизайнның алғашқы банкноты осы жылдың соңына дейін қолжетімді болады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноттардың дизайны жалған ақша жасаудың алдын алу және қорғаудың жетілдірілген дәрежелерін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.
Сондай-ақ, жаңа дизайнда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды элемент болған.
Теңгелердің жаңа дизайнын көрдіңіз бе?😍