Алаяқ, Дзюдо, Баспана. 9 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 октября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Алматыда Паралимпиада қатысушысы Кәмиля Досмаловаға 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Кәмиля Досмалова – пара таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында бесінші орын алды.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновты ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.
Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ ол Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сонымен қатар, спортшыға қызметтік баспана берілді.

“Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады”, — деді Кәмиля Досмалова.

Өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола бар.
Жалпы, 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын спорттың 9 түрінен 44 спортшы қорғады, бұл рекордтық көрсеткіш болды.

Құтты болсын!🔥

2️⃣ 2027 жылы Қазақстанда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өткізіледі. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарламада.

Министр Будапешке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.

«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», — деп атап өтті Мырзабосынов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Министр бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізеді деп есептейді.

Тағы бір үлкен шара жолға қойылмақ👍

3️⃣ Зейнетақы қоры қазақстандықтарға алаяқтық фактілеріне байланысты ескерту жасады

Соңғы кездерде алаяқтар әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап тапқан. Соның бірі – салымшылар мен алушыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін бөлімшеге бару қажеттігі және SMS арқылы электронды брондауға мүмкіндік бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады.
Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін мынаны білу керек: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.
Өзіңді қорғау әдістері:

Өз кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз,

Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз,

Егер Сізді әлдекім БЖЗҚ атынан мазалайтын болса, тұтқаны қойып, тікелей қормен хабарласыңыз,

Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз.
Ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелеріндеде, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы,

+7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тексере аласыз.

Абай болыңыздар📌