Альбина Кәкенова, Димаш Құдайберген, Дзюдошы. 28 қаңтардың топ жаңплықтары

Автор: редактор 28 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Қазақстандық дзюдошы қыз Португалияда алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстан үшін бұл тарихи финал болды. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова отандасымыз Ғалия Тынбаевамен кездесті.
Әбужақынова «алтын», ал Тынбаева «күміс» медаль жеңіп алды.

Әлемдік рейтингте Әбужақынова сегізінші орында тұр, Тынбаева 52-ші позицияға жайғасқан.
Айта кетері, Әбиба – былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Жеңіс құтты болсын!😍😍😍

2️⃣ Ал 14 жастағы теннисші қыз Альбина Кәкенова Аустралиядағы ірі турнирдің финалисі атанды.

«Мельбурн Паркта» өткізілген Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турниріне қатысты.

Қазақстандық жас теннисші тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді. Есеп – 7:6, 4:6, 2:6.

«Әрине, осыншама күш жұмсап, жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын».

Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі. «Дәулет» теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады. 2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.

Жарайсың, Альбина! 👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді.

Stranger туры аясында үш елде Димаштың ауқымды шоу-концерттері өтпек,

DimashAli шығармашылық орталығы 2023 жылы Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлаған еді. Әншінің өзі де Instagram-дағы парақшасы арқылы қандай қалаларда концерт болатынын айтты.

* 29 сәуір Арменияның Ереван қаласында
* 6 мамыр Түркияның Анталия қаласында
* 24 маусым Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Димаш Құдайбергеннің концерті болады.

Билеттерді Dimashali.com сайтынан алуға болады.🔥