Қалдық, Кітапша, Олимпиада. 12 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Наурыз, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан боксшылары Олимпиаданың жеті жолдамасын ұтып алды.

Қазақстандық боксшыларда Олимпиаданың жеті жолдамасы бар. Алдағы уақытта тағы бір іріктеу жарысы күтіп тұр.

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокс турнирінде қазақстандық спортшылар тағы бес жолдама ұтып алды. Олар:

Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін);

Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін);

Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін);

Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін);

Айбек Оралбай (92 келіге дейін);
Бұған дейін Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) Олимпиада жолдамасына ие болған. Осылайша, қазіргі кезде боксшылар құрмасында жеті жолдама бар.

Ерлер құрамасына 63,5 келіге дейінгі салмақ бойынша бір жолдама керек. Италияда осы салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өнер көрсеткен. Бірақ шешуші раундқа дейін жете алмады.

Олимпиадаға дейін Тайландта 23 мамыр мен 5 маусым аралығында тағы бір лиценциялық турнир өтеді. Сол жерде жетіспей тұрған жолдамаларды ұтып алуға мүмкіндік бар.

Құтты болсын!🔥

2️⃣ Келесі жылы қаңтардан бастап тұрғындар жеке медициналық кітапшаны онлайн ала алады.

Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары толығымен онлайн-форматқа көшеді.

Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.
Жеке медициналық кітапша электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.

«Жеке медициналық кітапшаны беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде „Е-Денсаулық“ сервисі „Жеке медициналық кітапша“ модулінің деректерін қабылдауды бастайды», — деп жазды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір жеңілдік болады екен👍

3️⃣ Қазақстанда тұрмыстық қалдықтың 1 млн тоннасы ғана қайта өңделеді.

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтып берді.

“Әкімдіктердің мәліметінше, былтыр 2023 жылы елімізде 4,1 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдық жиналған, оның 1 млн тоннасы (24%) сұрыпталып, қайта өңделіп, қалғаны полигондарда көмілген. Ал 2022 жылы 4,3 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтың 25% қайта өңделген”, – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Е. Нысанбаев еліміздің 80% жуық халқы тұратын қалалар мен ірі елді мекендер қоқыс шығару қызметімен қамтамасыз етілгенін айтты.

Мұндай бастаманы қолдайсыз ба?🤔