Алекс Грант, Оқушылар, Ғаламтар. 8 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ «Барыстық» Алекс Грант ҚХЛ тарихында 4 гол соққан алғашқы қорғаушы атанды.

Сhampionat.com мәліметінше, А. Грант бүгін Владивостокта «Адмирал» қақпасына 4 гол енгізді. Канадалық хоккейші сонымен қатар, екі кезеңде 4 гол соққан үшінші ойыншы болып отыр. Бұған дейін ҚХЛ-да осындай нәтижеге Максим Якуценя мен Найджел Доус қол жеткізген еді.

«Барыс» сапында бұған дейін қорғаушылардан Кевин Даллман ғана 3 гол соққан болатын. Ол 2008 жылы 8 қазанда ЦСКА командасымен өткен матчта хет-триктің авторы атанған еді. «Барыстың» тағы бір ойыншысы Найджел Доус 2013 жылы 22 ақпанда «Трактормен» бәсекеде 4 гол соққан-ды.

Биылғы маусымда Гранттың есебінде 16 (7+9) ұпай бар.

Құтты болсын!🔥👏🏻

2️⃣ Шығыс Қазақстанда алдағы бес жылда 117 ауыл ғаламтормен қамтылады.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2027 жылға қарай интернет пен ұялы байланыс желісі мүлде жоқ 117 ауылды сапалы ғаламтормен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тиісті жұмыстар биыл басталмақ.

«Жұмыс екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 100-ден астам халқы бар ауылдардан бастасақ, екіншісінде 100-ден аз тұрғыны бар ауылдарды қамтимыз. 2023 жылға жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 19 антенналық-мачталық құрылыс салу көзделуде», – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Оның айтуынша, ауылдардағы жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған соң антенналық-мачталық құрылыстарды салу жұмыстары жалғасып, ұялы байланыс операторларымен келісім-шарт жасалады.

Ал сенің ауылыңда интернет жақсы ұстай ма?🤔

3️⃣ Солтүстік Қазақстан облысында аязға байланысты оқушылар 9 қаңтарда қашықтан оқиды.

Құтқару қызметі Darmen мобильді қосымшасы арқылы дүйсенбіде мектептердегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Осылайша, 1-11-сынып оқушылары демалыстан кейінгі алғашқы оқу күнінде онлайн оқиды. Өңірде 35 градусқа дейін аяз болады.

Сақ жүріңіздер!🙌🏻