Александр Бублик, Джиу-джитсу, Рейстер. 30-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 30 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Самат Айтпанбет, Қазыбек Тәжібай және Шыңғыс Әбілқат AJP Tour Europe Youth – GI ашық еуропалық чемпионатта төрт медаль жеңіп алды.

Бәсеке Хорватияның Сплит қаласында өтті.

Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен компанда қатысты. Қазақстан намысын Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың үш спортшысы қорғады.

8 жасар Қазыбек Тәжібай бірінші орын алса, 12 жасар Шыңғыс Әбілқат пен 24 жастағы Самат Айтпанбет қола медаль иеленді.

Сонымен қатар Самат испандық команда құрамында легионер ретінде жарыс жолына шығып, оларға әлемдік чемпионт жолдамасын алып берді.

Жалпы, спортшыларымыз бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Олар қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, жеңісін елімізге арнады.

Джиу-джитсу мен грэпплингтен әлем чемпионы, халықаралық санаттағы Қазақстанның спорт шебері Самат Айтпанбет Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубта жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

Құтты болсын! 👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер 2024 жылдың соңында – 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Келісім аясында екі тарапта шектеулер болмайды: тасымалдау саны бойынша, белгіленген пункттер және жиілілік, «ашық аспан» режимі аясындағы әуе кеңістігіндегі еркіндіктің «бесінші дәрежесі».

«Астана халықаралық қаржы орталығының транспорттық қолжетімділікті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан – Нью-Йорк бағыты бойынша рейс ашу жоспарланған», – деді ААК өкілдері.

Нью-Йоркке баруды армандап жүргендер үшін жақсы жаңалық болды!😍👍

3️⃣ Александр Бублик US Open турнирінің екінші айналымына шықты. Келесі раундта Бублик испаниялық Пабло Каррьеньо-Бустамен кездеседі.

Турнирдің басында ол француз Юго Гастонды 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 46 минутты құрады.

Келесі айналымда Бублик испаниялық Пабло Каррьеньо-Бустамен кездеседі. Пабло алғашқы кезеңдегі матчта австриялық Доминик Тимнан басым түскен еді.

АҚШ Ашық чемпионаты 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстардың жалпы жүлде қоры 60 млн долларды құрайды. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – ресейлік теннисші Даниил Медведев. Ол былтыр финалдық матчта серб Новак Джоковичті жеңген болатын.

Спортшымызға жеңіс тілейміз!🙌🏻