Александра Ле, Рейтинг, Робот. 24 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Наурыз, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣ Бесінші сынып оқушысы «Қара жорға» билейтін робот жасап шығарды.

Кентау қаласында №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл «Қара жорға» биін билейтін робот ойлап тапты.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Аружан Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгерінің жетекшілігімен биші құлтемір жасады.
«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», » Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу»,– дейді тәлімгер Ақниет Елемесова.

Оқушы қыз «Қара жорға» билейтін ерекше роботты Наурыз мейрамында көпшілікке көрсетті.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.
Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.

Талантты жастарымыз көбейе берсін!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді.

Бұл туралы Хабар 24 мәлімдеді.

22 наурызда жарияланған Кью Эс Уорлд Юниверсити Ранкинг бай Сабжект (( QS World University Rankings by Subject)) қорытындысы бойынша қазақстандық университеттердің топ-100 пәндік рейтингісі екі есеге өскен.

Бұл тізімде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәптаев университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бар.

Ал сен қай жоғары оқу орнында білім алып жатсың?😍

3️⃣ Қазақстандық мерген қыз Александра Ле әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады. Алтын қытайлық спортшының еншісінде кетсе (265.7 балл), 2-орынға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Мэри Такер қол жеткізді.
Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.

Құтты болсын!🔥🔥🔥