Алкоголь, Домбыра, Блогерлер. 7 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 июня, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қазақстандық блогерлер үшін салық міндеттеліп, жалған ақпарат таратқаны үшін жаңа айыппұл енгізіледі.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым азаматтардың құқығын қорғап, алданып қалмау үшін әрі қаржылық пирамидаға тап болмау үшін әлеуметтік желідегі жарнаманы қадағалауды назарға алды. Оның айтуынша, заң жобасында онлайн жарнама, инфлюенсер және жалған ақпарат ұғымдары енгізілген. Ол блогерлерден, инфлюенсерлерден осыны талап етеді. Сонымен қатар интернет арқылы табыс табатын блогерлер енді салық төлеуге міндеттеледі.

Заң жобасы мақұлданды😯 Бұл заңмен келісесіз бе?

2️⃣ Қазақстанда сидр алкогольдік сусынын сатуға тыйым салынды.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

Көрші елде 31 адам «АНДИ» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы (РФ, Самара ) өндірген «Мистер Сидр» сусынынан уланып өлді.

«Осыған байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар етуге тапсырма берді. Мән-жайы анықталғанға дейін өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігі туралы аумақтық департаменттерге ескертті», — делінген ресми хабарламада.

Комитет осы өнімді пайдаланудан бас тартуға кеңес берді. Ал бір жерде сатылса, сауда орнының орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабар беру керек.

Айта кетері, бұған дейін Ресейдің бірнеше облысында сидрдан уланған адамдар туралы ақпарат тарады. Ульянов облысында 20 адам қайтыс болса, Самара облысында – 9 адам, Нижегород облысында – 2 адам, ал Удмуртияда бір адам қайтыс болды. Ауруханаға түскендер де аз емес.

Осы сусыннан Ресейде 30 адам ажал құшты.📌

3️⃣ Ақтөбеде музыка пәнінің мұғалімі өзі ойлап тапқан әдіспен ерекше балаларға домбыра үйретіп жүр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, педагог жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.
Оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дерттеріне қарамай, ұлттық аспапта ойнауды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді. Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді.

«Кез келген музыкалық аспапта ойнау адамның екі ми бөлігі бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады», -дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Естуінде ақауы бар қатысушылар үшін ұстаз әртүрлі түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан.😍🔥