Алматы-Бішкек, Аида Сатыбалдинова, футбол. 20-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ Бішкек – Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылды. Жолаушылар тасымалымен қырғызстандық компания айналысады. Ұшақ күн сайын жолға шығады.

Бұл туралы «Манас «халықаралық әуежайы» баспасөз қызметі хабарлады. Мұнда ресйтерді қырғызстандық «Авиа Траффик»компаниясы жүзеге асырады.

Керемет жаңалық! 😍 Ал сен Бішкекте болып па едің?

2️⃣ Футболдан Қазақстан чемпионатының он үшінші туры өтті. Мұнда «Астана» командасы «Ақсу» командасын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастады.

Матчта Абат Айымбетов, Марин Томасов, Рай Влут, Станислав Басманов және Юрий Перцух гол соқты

3️⃣ Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова кәсіби карьерасында алтыншы рет жеңіске қол жеткізіп, GBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды.

Титулдық жекпе-жек Комерсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтті. Сатыбалдинова гаити аруы Джайка Павилуспен қолғап түйістірді. Ойын 6 раундқа созылды.

Құттықтаймыз!💐💐💐