Альмирс Тұрсын,Теннис, Орден.26 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 июня, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Альмира Тұрсын Mrs Globe 2023 байқауында екінші орын алды.

Альмира Тұрсын көпшілікке «Томирис» фильмінде сомдаған басты рөлімен танымал.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, бірінші вице-миссис дәрежесі екінші орынға тең.

Ал бірінші орын, яғни Mrs. Globe атағы беларусь қызы Лана Хлумаковаға бұйырды.

«Қыздарымызды Mrs. Globe 2023 жеңімпазы атануымен құттықтаймыз. Бүкіл қыздар үздік бестікке еніп, патшайым атағын, сондай-ақ Globe фирмалық тәжі мен лентасын алды. Қыздар өздерінің бейнесімен, харизмасымен және сыртқы келбетімен байқау қатысушыларының және қонақтарының назарын аударды. Біздің қыздар — сұлулық пен ізеттің нағыз үлгісі» деп жазды конкурстың қазақстандық ұйымдастырушылары.

Құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-500 турнирінің чемпионы атанды.

Финалдық кездесуде Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублевті 6:3, 3:6, 6:3 есебімен ұтты.
Кездесу1 сағат 35 минутқа созылды. Осы турнирден кейін Бублик ATP Live рейтингінде рекордтық 27-орынға көтерілді. Бұған дейін Александр 2022 жылдың ақпанында 30-орынға дейін көтерілген болатын.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Александр Бубликті жеңісімен құттықтады.
«Александр Бубликті теннис карьерасындағы келесі қадамымен — алғашқы ATP-500 титулымен құттықтаймын! Саша өзі үшін және елімізде теннистің дамуыүшін ірі жеңіске жетіп, өскелең ұрпаққа үлгі болды», — деген ол спортшыға жаңа табыстар тіледі.

Спортшы осы жылдың алғашқы титулын жеңіп алды!🔥

3️⃣ Қазақстанда жаңа «Ел бірлігі» орден пайда болады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі президент өкімінің жобасын әзірледі.

«Ел бірлігі» ордені диаметрі 50 мм болатын екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде жасалған.

Орденнің беткі жағының ортасында «шаңырақ» орналасқан көгілдір түсті эмальмен толтырылған. «Шаңырақтан» шеңбер бойымен «уық» түріндегі күн сәулелері таралған. «Шаңырақтың» айналасында көгілдір түстің аясында «қошқар мүйіз» оюы орналасқан. «Шаңырақтың» астындағы лентада жартылай шеңберде «Ел бірлігі» деген жазу орналасқан.
Орден ақ түсті металдан – алтын жалатылған күміс қорытпасынан жасалады.

«Өкім жобасы азаматтардың ұлт бірлігін нығайтуға сіңірген еңбегін тануға бағытталған және тиісті мемлекеттік награданы құру жөнінде шаралар қабылдауды, осы мемлекеттік награданың сипаттамасын көздейді», — делінген түсіндірме жазбада.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжат 12 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Еске салсақ, сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекітуді ұсынған болатын.

Тағы қандай орденнің пайда болғанын қалайсың?🤔