Алтын, Арыз,Кредит. 16 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 сентября, 2024

Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Енді кредит алудан шексіз мерзімге бас тартуға болады

Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады.

Айта кетері, бұған дейін сервис 6 ай мерзімге ғана бас тартуға мүмкіндік беретін. Бұдан былай кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге мерзімсіз уақытқа тыйым салуға болады.

«Өтінімді азаматтың өзі ғана бере алады. Сондай-ақ пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет», — деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін:

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп,»Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;

тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;

қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;

көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы:

«Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;

«Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қойыңыз.

Сіз бұған қалай қарайсыз?🤔 Өмір бойына бас тарта аласыз ба?

2️⃣ Алтын бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Алтынның бір унциясының бағасы 2600 доллардан асып кетті, деп хабарлады 24 kz.

Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Оған доллардың әлсіреуі және АҚШ-та мемлекеттік облигациялардан түсетін табыстың төмендеуі себеп.
Сарапшылар бағалы металл әлі де қымбаттайтынын айтады. Олардың болжауынша, келер жылдың ортасына таман алтынның бір унциясының құны 3000 долларлық межеге дейін жетуі де ғажап емес. Өйткені мамандар АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелер төмендеп, қор биржалары тарапынан сұраныс жоғары болатынын пайымдап отыр.

Бұл бұрын-соңды болмаған нәтиже екен😯

3️⃣ 22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты

“Ғылым және жоғары білім министрлігіне 22 арыз түсті. Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекетті гранттың иесі. Жалпы, іс өз-өзінен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда, сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің де, мемлекеттің де грантын алған. Енді тек соттың шешімімін күтеміз”, – деді ол.

Сонымен қатар министр елімізді мемлекеттік білім гранттарын бөлу тетігі ашық екендігін баса айтты.

Енді Қазақстан азаматтары eGov.kz порталында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.