Алуа Нұрманова,Қайрат, Президент. 15 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Мамыр, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жылдық мерейтойын тойламайтын болды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Желдібайдың айтуынша, президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

«Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Тоқаев 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Ақорданың ақпаратынша, бұл күні президенттің Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – деді Желдібай.
Айта кетері, 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толады.

Ел басшысы мұндай шараларды қолдамайтынын жеткізді. 👍

2️⃣ Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев ойын кезінде ауыр соққы алып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ол Қазақстан премьер-лигасы матчында «Ақтөбемен» болған ойында ауыр жарақат алды.

Футболшыға ота жасалды. Оқиға Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев «Ақтөбенің» шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған.

«Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы дәрігерлердің қатаң бақылауында», – делінген алматылық клубтың мәлімдемесінде.

Ойын аяқталғаннан кейін алматылықтардың бапкері Кирилл Кекер бұл жеңістің жарақат алған ойыншыға арналатынын айтты.

Футболшымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз!🤲🏻

3️⃣ 16 жастағы Алуа Нұрманова жаһандық Pro Chess League біріншілігінің чемпионы атанды.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, ол осы арқылы Gotham Knights командасының жеңісін қамтамасыз етті. Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті.

Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда сайысты. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.
«Сонымен қатар, ол халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаран (Үндістан), Николас Теодору (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті. Алуа – Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Ол – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында Азия чемпионы», – деп атап өтеді федерациядан.

Шахматшы финалда қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңді.😍 Құтты болсын!👏🏻