Алып қыз, Жәнібек Әлімханұлы, Ресейліктер. 4-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 октября, 2022


Алматыда алып қыз дүниеге келді

Туылған нәрестенің салмағы 5328 г, бойы 60 см. Сәбидің дүниеге келуі жақсы өтті. Оны №2 қалалық перзентханада 32 жастағы әйел туды. Бұл әйелдің үшінші баласы. Алдында ультрадыбыстық зерттеуде салмағы 3500-3800 грамм болады деп болжанған еді.

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуін қорғайды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дэнзел Бентлимен рингке шығатын болды. Жәнібек өзі ұтып алған WBO белбеуін қорғайды.
Қос боксшы Лас-Вегастағы Palms Casino Resort аренасында кездеседі.
Америкалық Деметриус Андраде екінші орта салмаққа ауысып, Әлімханұлымен айқаспаған еді. Сол себепті Жәнібек орта салмақта WBO тұжырым бойынша толыққанды әлем чемпионы атанды.

Қазақстанға Ресейден 200 мыңнан астам адам келіп, 147 мыңы шығып кеткен.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың сөзінше, Ресейдің 382 азаматы тұрақты тұруға, 64-і Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген. Ол бүгінгі таңда еліміздегі криминогендік жағдай тұрақты екенін атап өтті.