Аманат, Голиаф, Avatar.10-шы қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астында Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсететін ауқымды концерт ұйымдастырады. Концертті кез келген адам тамашалай алады.

«Бүгін, 10 қыркүйекте ЭКСПО аумағында өтетін ашық аспан астындағы концертте елорда қонақтары мен тұрғындары жиырмаға жуық танымал қазақстандық әншінің өнерін тамашалай алады», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сахнада Мирас Жүгінісов, Наzима, Ninety One, Айқын Төлепберген, Ернар Айдар, Дильназ Ахмадиева, Yenlik, 2RAR, De Lacure сынды отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.

«Сонымен қатар Ұлықпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева, Бейбіт Қорған, Қанат және Светлана Айтбаевтар, Айдын Жұмабаев, Зарина Омарова, Естай Мұқашев, Майра Ілиясова, Хайролда Мұратбек, Арайлым Рахым ән шырқайды», – деді ведомстводағылар.
Шара кешкі сағат 18.00-де басталады.

Концертке бару ойыңда бар ма?🙂

2️⃣ Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «Голиаф» фильмі 29 қыркүйекте прокатқа шығады.

Бұл туралы Start онлай-кинотеатрының баспасөз қызметі хабарлады.
Жазда картина «Новые горизонты» 79-ші Венециан кинофестиваліне енген еді.

«Белые ночи» кинопрокаттық компания 29 қыркүйекте ресейлік прокатқа қазақстандық режиссер мен сценарист Әділхан Ержановтың «Голиаф» фильмін шығарады», — делінген хабарламада.
Фильмде Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Дмитрий Чеботарев пен Александра Ревенко ойнайды.

Керемет!😍👍

3️⃣ Avatar, Black Panther фильмдері енді қазақ тілінде жарыққа шығады.

Себебі қазақстандық Meloman Disney компаниясымен серіктес болып, жоғары бюджеттік блокбастерлерді қазақ тіліне дубляждау жобасын қайта жалғастыруды қолға алып жатыр.

Киносүйер қауым таңғажайып 3D форматында ғаламды шарлап, алыстағы Пандора планетасына тағы да саяхаттау мүмкіндігіне ие болады.

Тағы қандай фильмдердің қазақша дыбысталғанын қалайсың?😉