Amen, Dior, Месси. 4-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Месси әлем чемпионатында “Үздік ойыншы” атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты.

Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды.

Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді.
Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.

Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.

Тамаша! Арамызда Мессидің жанкүйерлері бар ма?🔥👍

2️⃣ Әлемдік танымал бренд Dior өз жарнамасында қазақтың ұлттық оюын қолданды.

Қазақстандықтар ұлттық ою-өрнек бар суреттің астына пікірлерін қалдырып жатыр.

Олардың ішінде сән үйіне алғашқылардың бірі болып барып, ат тізгіндеген көшпелі қазақтарға құрмет көрсеткені үшін алғысын білдіргендері де болды.

Ат үстінде отырған модель мен ер-тұрманға қазақтың ою-өрнегі бар орамал байланған суретті кім көрді? 😍😍😍

3️⃣ Алматыда 5-8 желтоқсан аралығында IV халықаралық Amen анимациялық фильмдер кинофестивалі өтеді.

Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальді OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі және Қазақстанның анимациялық киностудиялар қауымдастығы ұйымдастырады. Іс-шара мәдениет және спорт министрлігі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының және ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

AMEN 2022 конкурстық бағдарламасына Польша, Франция, Грузия, Испания, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның фильмдері қатысады. Жеңімпазды «үздік анимациялық қысқаметражды фильм» үшін Оскар сыйлығына екі мәрте номинант болған Константин Бронзит бастаған беделді қазылар алқасы таңдайды.

Фестиваль барысында биыл Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясының базасында құрылған «Қазақанимация» жаңа шығармашылық бірлестігінің тұсаукесері өтеді. «Арман» кино орталығында биыл өндіріске енгізілген жиырма қысқаметражды мультфильм көрсетіледі.

Осы жылы фестивальге «Үздік кәсіби анимациялық фильм», «Үздік студенттік фильм», «Үздік анимациялық сериал», «Үздік сценарий», «Үздік көркем шешім», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі», «Әмен Қайдаров атындағы арнайы марапат», «Қазақстандық анимациялық киностудиялар қауымдастығының «арнайы марапаты» номинациялары және 500 000 теңге мөлшерінде «Гран-при» ұсынылады.

Фестиваль аясында анимация саласындағы халықаралық әріптестермен меморандумдарға қол қойылады.

Керемет! 👏🏻👏🏻👏🏻