Андрей Стенин, Wildberries, Сән-салтанат.22 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 22 декабря, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣Wildberries Қазақстанда 30 жылға салықтан босатуды сұрады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Wildberries 30 жылға салықтан босатуды талап еткенін мәлімдеді.

«Wildberries компаниясы — біз олармен бірнеше жыл бойы әртүрлі деңгейде келіссөз жүргізіп келеміз. Олар әртүрлі ой айтады, бірақ сіздерге айтарым, ең алғашқы келіссөздерде Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, сонымен қатар қоймалар салуға көмектесуді сұрады, әрине, біз мұндай шарттарға келіспедік», — деді сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазақстандық тарап еліміздегі барлық бизнеске тең жағдай жасау туралы өз ұстанымын білдірген.
«Неге шетелдік компанияға тегін қоймалар салып, сауда-саттықты 30 жылға босатамыз (салықтан — еск.), тек сауда мен қойма, ал басқа отандық компаниялар ше? Сондықтан Wildberries шағын қоймалармен, үлкен қоймаларсыз жұмыс істейді», — деп қосты Айдаров.

Арамызда Wildberries-пен айналысып жүргендер бар ма?🤔

2️⃣ Мәскеуде Андрей Стенин атындағы байқауға туындыларды қабылдау басталды.

Андрей Стенинді еске алуға арналған әлемнің жас фототілшілерінің 9-шы халықаралық байқауының Ұйымдастыру комитеті 2023 жылға арналған жұмыстарды қабылдау туралы хабарлады. Байқауға 2014 жылдың жазында Донецк түбінде қызмет кезінде қаза тапқан «Россия сегодня» медиа тобының арнайы фототілшісінің есімі берілген.

Дәстүр бойынша жыл сайынғы фотобайқау Андрей Стениннің туған күні – 22 желтоқсанда басталды.

📌 18 бен 33 жас аралығындағы қатысушылар байқаудың сайтына орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жұмыстарын жолдай алады.

3️⃣ Қазақстандықтар 2024 жылдан бастап сән-салтанат салығын төлеуі мүмкін.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу мерзіміне қатысты пікір білдірді.

«Бұл 2024 жылдан бастап жоспарланып отыр. Келесі жылы біз жаңа Салық кодексі бойынша белсенді жұмыс істегіміз келеді. Оны аяқтап, күзге дейін парламентке ұсыну бар. Содан кейін көп нәрсе парламентке байланысты болады. Ол белсенді түрде талқыланады. Сән-салтанат салығы және жалпы жаңа салық кодексі 2024 жылдан бастап енгізілетін шығар деп болжаймыз».Әлібек Қуантыров

Ол сән-салтанат салығы, негізінен, қымбат көліктерге, сәнді тауарларға, антиквариат пен жылжымайтын мүлікке және тағы басқасына қатысты болуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұған қалай қарайсың?😯