Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Антикор қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті.
Мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар пайда болған.
«Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді», — деп жазылған хабарламада.
Ведомство жалған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырды.
Осындай қоңырау мен хабарлама алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлау керек.
Абай болыңыздар!📌
2️⃣ 116 жастағы жапондық әйел әлемдегі ең қарт адам атанды
Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайты мәлім етті.
Томико елдің Хиого префектурасына қарасты Асия қаласындағы қарттар үйінде тұрады.
Үш ай бұрын Томико өзінің 116 жасын тойлап, қала мэрінен гүл шоқтары мен торт (өзіне ұнамағанын мойындады) және құттықтау қағазын алды. Қызметкерлер есту қабілетінің бұзылуына қарамастан, ол анық сөйлейтінін және оларға үнемі алғыс білдіретінін атап өтті.
20 жасында тұрмысқа шығып, төрт баланы өмірге әкелді. Немере, шөберелері көп.
Қандай керемет!😍
3️⃣ Астанада Кардифф университетінің кампусы ашылады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді.
“Біздің қазір басым бағытымыз – Қазақстанды үлкен академиялық және зерттеуші хабқа айналдыру. Соңғы екі жылда шетелден 33 мықты зерттеуші университеттер Қазақстанға келуге келісті. Бұл жұмыс жалғасуда. Бүгін ғана Лондоннан келдім, онда Кардифф университетімен қол қойдық. Бұл Russell Group атты Ұлыбританияның мықты университеттер тобына кіретін оқу орны. Ең алдымен Queen’s University Belfast Алматыда ашылған еді, енді Астанада Cardiff University үлкен кампус ашады”, — деді Ғылым министрі елордада “Digital Kazakhstan: заманауи білім беру” атты Тамыз саммитінде.
Кардифф университеті үшін Астанадан 14 гектар жер бөлінген.
“Кардиффке қойылған бірінші мақсат – халықаралық стандарттаға сәйкес педагогтерді дайындау. Сондықтан Назарбаев университетіне, бізідң негізгі ұлттық педагогикалық университеттерге бұл әрі көмек, әрі бәсеке болады. Осылай, шет тілін меңгерген мықты халықаралық деңгейдегі педагогтарды өзімізде даярлаймыз”, — деді С. Нұрбек.
Жастарға жақсы мүмкіндік екен👍