Апат, Жол, Мәртебе. 16 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 февраля, 2024


Кеш жарық, қыздар нмен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Алматыда 25 ақпанда жолдар жабылады.

«Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 қалалық қысқы жарысты өткізуге байланысты әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін 07:50-ден 10:45-ке дейін, 08:30-дан 10:30-ға дейін әл-Фараби даңғылымен Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс жабылады», — делінген хабарламада.

Бұл ретте әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Балама жол шығыс бағытта Тимирязев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейінгі Батыс Желтоқсан көшесінің учаскесі сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Сондай-ақ, жарысқа байланысты келесі бағыттардың қозғалысы сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін уақытша өзгертіледі:

* №15 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта -өзгеріссіз;
* №30 — солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Гагарин даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №31 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Гагарин даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* № 32 – оңтүстік бағытта – Науаи көшесі — әл-Фараби даңғылы — Мұстафин көшесі, соңғы пунктті «Орбита – 2» ш/а, кері бағытта – «Орбита ш/а» КП-дан қозғалыстың басталуы – Мұстафин көшесі-әрі қарай сызба бойынша;
* №34 – оңтүстік бағытта – Мұстафин көшесі — әл – Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс — КП «Орбита — 2» ш/а, кері бағытта — КП «Орбита-2» ш/а ауданынан қозғалыстың басталуы — Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;
* № 38 — Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы — Достық даңғылы — Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі — Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;
* №45 – Оңтүстік бағытта — Достық даңғылы — Қажымұқан көшесі — Назарбаев даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №62 — Батыс бағытта – әл-Фараби даңғылы — Достық даңғылы — Абай даңғылы-бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №63 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы — Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі — Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша;
* №67 — солтүстік бағытта – Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;
* №77 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Розыбакиев көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №86 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы — Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі — Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №101 — солтүстік бағытта — Жароков көшесі – Өтепов көшесі — Розыбакиев көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №103 — оңтүстік бағытта — Мұстафин көшесі — әл-Фараби даңғылы айналма жолының алдындағы бұрылыс — КП-ны «Орбита-2» ш/а, кері бағытта — КП «Орбита-2» ш/а қозғалыстың басталуы – Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;
* №116 — солтүстік бағытта – әл-Фараби даңғылы — Жароков көшесі — Өтепов көшесі — Гагарин даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта-өзгеріссіз;
* №127 – оңтүстік бағытта — Назарбаев даңғылы — Сәтпаев көшесі — Жандосов көшесі — Жароков көшесі — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;
* №135 — оңтүстік бағытта – Науаи көшесі — әл-Фараби даңғылы — Мұстафин көшесі — КП «Орбита-2» ш/а, кері бағытта — КП «Орбита-2» ш/а қозғалыс басталады – Мұстафин көшесі — әрі қарай сызба бойынша;
* № 211 — оңтүстік бағытта — Сейфуллин даңғылы — Тимирязев көшесі -Розыбакиев көшесі — әл-Фараби даңғылы — бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз.

Алматылықтарға құлаққағыс📌

2️⃣ ІІМ қазақстандықтарға ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес берді.

«Ауа райы күрт өзгеріп кетуі мүмкін болғандықтан, полицейлер тұрғындарға «112» қызметінің SMS-хабарламаларын міндетті түрде бақылап отыруға, кәмелетке толмаған балаларды, науқас және қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға, құбылмалы ауа райы кезінде елді мекендерден автокөлікпен және жаяу алыс жолға шықпауға кеңес береді», — делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстанның бірнеше өңірінде әлі де қолайсыз ауа райы жағдайлары әлі де басылмай тұрғаны ескертілді.

Абай болыңыздар!🙌🏻

3️⃣ Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы Қытайдан, Өзбекстаннан, 4,4%-і – Ресейден, Түрікменстаннан және басқа елдерден келген.

«Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6% және зейнеткерлер 10,2% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың жоғары білімділері 15%, орта кәсіби білімділер 20,2% болса, 54,6%-і жалпы орта білімді және 10,2%-інің білімі жоқ», — дейді ведомство.
Олар еңбек күші тапшы облыстар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралыпты.👏🏻