Апорт, Дәрігер, Медеу. 8 қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 ноября, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Алматыда дәрігердің көмекшісі қызметін роботтар атқара бастады.

Денсаулық сақтау министрлігі №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасында тізе және жамбас буындарын ауыстыру кезінде дәрігердің көмекшісі қызметін роботтар атқара бастағанын мәлімдеді.

«Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен тізе және жамбас буындарын ауыстыру операциясы жүргізілді. Біз эндопротездеуді қажет ететін бірнеше пациентті таңдадық. Бірнеше ай бойы үміткерлерді іріктеуден өткіздік. Біздің дәрігерлердің консилиумы өткізілді және КТ зерттеуінің цифрлық нәтижелері жасанды буынды дәл 3D-жоспарлау үшін АҚШ мамандарына жіберілді», — деді Алматы №4 ККА ортопедиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мирамбек Жұмағұлов.

Роботты қолдану кезінде әр пациент жеке көзқарас қағидаты бойынша емделеді, робот операцияға дейін жасанды буынның дәл 3D жоспарлауын орындайды, сонымен бірге импланттың оңтайлы мөлшерін, оны орнатудың нақты орнын таңдайды.

Роботты қолданудың арқасында жұмсақ тіндер жақсы сақталады, байланыстырушы аппараттың оңтайлы тепе-теңдігіне қол жеткізіледі.
«Бұл технология дамыған елдерде танымал, 2016 жылдан бастап ол әлемнің жетекші клиникаларында қолданылады. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша Робот-ассистенттелген операцияларды жүргізгіміз келеді.

Бұл травматологиялық және ортопедиялық көмекті жетілдірудің жаңа кезеңі», — деді Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының директоры Біржан Досмайылов.

Оның айтуынша, осы жылдың 10 айында ауруханада буындарды ауыстыру бойынша 1,5 мыңнан астам операция жасалған. Жыл сайын операцияның осы түріне мұқтаж пациенттер саны артып келеді.

Роботтармен бәсекеге түсетін заман келіп жатыр👍

2️⃣ «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы 15 қараша күні ашылады.

Жұмыс кестесі мен кіру билеттерінің бағасы сайтта жарияланған.

Жұмыс күндері:

7 жастан 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары – 500 теңге;
14 жастан 22 жасқа дейінгі жастар – 600 теңгеден 1500 теңгеге дейін;
23 жастан бастап ересектерге – 1000 теңгеден 2500 теңгеге дейін.

Демалыс күндері:

7 жастан 13 жасқа дейінгі мектеп оқушылары – 500 теңге;
14 жастан 22 жасқа дейінгі жастар – 1000 теңгеден 1800 теңгеге дейін;
23 жастан бастап ересектерге – 1500 теңгеден 3200 теңгеге дейін.

Күтіп жүргендер бар ма?🙂


3️⃣ Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд ретінде тіркелді.

Әділет министрі Азамат Есқараев Алматы апорты ресми түрде қазақстандық бренд болғанын хабарлады.

2023 жылдың 13 қазанында апорттың географиялық көрсеткішті тіркеліп, Қазақстанға ресми түрде бекітілді.

Қазіргі таңда апортты халықаралық брендке айналдыру үшін жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрдің айтуынша, осы мақсатта тиісті бірлестік Франция, Польша сияқты дамыған елдерге отандық алмаларымызды экспорттау үшін материалдар жіберумен айналысуда.

Керемет!😍