Apple, бокс, Геннадий Головкин.11-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Бокстан Қазақстан құрамасы Польшада өткен халықаралық әйелдер турнирінде 11 медаль жеңіп алды. Осылайша қоржынға үш алтын түсті.

Алуа Балқыбаева, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова алтыннан алқа тақты.
Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.
Ал Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мадина Нұрашева үшінші орын иеленді.

Құтты болсын!💐💐💐

2️⃣ Қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің үшінші жекпе-жегімен аяқталатын кәсіпқой бокс кеші 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады.

Sports.kz порталының хабарлауынша, Qazsport телеарнасы жекпе-жектің көрсетілімін жоспарлап отыр және Головкин мен Канело рингке шығатын болжамды уақыт «Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ден кейін» деп көрсетілген.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді.
Еске салсақ, Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек супер орта салмақ дәрежесінде өтеді. Геннадий үшін бұл 168 фунттағы салмақ бойынша алғашқы жекпе-жек болмақ.

Оның «Канеломен» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы өтіп, тең нәтижемен аяқталға және төрешілердің бұл қорытындысы үлкен дау тудырды. Ал 2018 жылы төрешілер басым дауыспен жеңісті Альвареске берді.
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) үшінші жекпе-жек үшін жеңімпазға арналған жаңа белбеуді ресми түрде таныстырды. «Сапотек» шеберлері дайындаған бұл белбеуге «ягуар-жауынгердің белбеуі» деген атау берілді. Себебі оның орталық элементінің екі жағында ягуар тырнақтары бейнеленген.

Уақыты жақындап қалыпты🙌🏻 Головкинге жеңіс тілейміз!

3️⃣ Америкалық Apple компаниясы былтыр шыққан iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max сияқты смартфондарын сатуды тоқтатты. iPhone 11 мен iPhone 12 mini де енді сатылымға шықпайды.

«Гаджеттер қоймалардағы қор таусылғанша ғана сатылады», – делінген мақалада.
Дереккөздің айтуынша, Apple олардың өндірісін жаңа гаджеттер сатылуы үшін тоқтатады. Компания 2022 жылы 5G байланыс стандартын қолдайтын смартфондарды ғана шығаратыны хабарланды: iPhone 14, iPhone 14 Plus, iPhone Pro, iPhone Pro Max, iPhone 13, iPhone 13 mini, iPhone 12 және iPhone SE екінші буыны.

Ал сен IPhone 14 сатып алып үлгердің бе?)