Ардагер, Шавкат Рахмонов, Елена Рыбакина. 19 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 Наурыз, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Алматыда Ұлы Отан соғысының 103 жастағы ардагері дауыс берді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмады. Сайлау комиссиясының мүшелері ҰОС ардагері Филипп Губановтың үйінде болды. Ол №536 сайлау учаскесіне жататын «Құлагер» шағын ауданының тұрғыны.

«Менің балалық шағым біздің тарихымыздың қиын кезеңдерімен сәйкес келді – бұл соғыс пен аштық. Тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Мен бұл өмірді сақтап қалғым келеді, сондықтан бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс беремін! Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Келесі сайлауда кездескенге дейін», – деп атап өтті ҰОС ардагері Филипп Губанов.

Ал сен дауыс беруге бардың ба?🤔

2️⃣ Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы америкалық Белал Мұхаммед болады.

Бұл жаңалықты UFC президенті Дэйна Уайт жартылай орта салмақтағы Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында айтты. Қазіргі уақытта UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) 4-жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке (22-3-0-1) қарсы жекпе-жекке шығады.

Спортшымызға жеңіс тілейміз! 🤲🏻

3️⃣ Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 8-орынға орнықты.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина әйелдер арасындағы «Мастерс» турниріндегі тарихи жетістігінің арқасында алдағы аптаның басында WTA әлемдік рейтингісінің кемінде 8-ші қатарынан көрінетін болады.

Индиан Уэллс корттарындағы турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы – польшалық Ига Швёнтекті 6:2, 6:2 есебімен ұтып кеткеннен кейін мүмкін болды.

Құтты болсын!👍