Ариана Гогулина, Союз МС-23, Ева Корышева. 26 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 26 февраля, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық жас теннисші Ева Корышева Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, беделді додаға Еуропаның 64 спортшысы қатысып, бақ сынады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Е. Корышева жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Ол финалда Чехияның осы жастағылар арасында 9-ракеткасы Яна Ковачкованы 6:1, 7:6 есебімен ұтты. Осылайша, Ева спорттық жолында жекелей сында Tennis Europe турнирінде үшінші рет үздік шықты.

Е. Корышева қазіргі кезде Еуропа теннис федерациясының рейтингісінде 61-орында тұр. Түркиядағы жеңісі арқасында сейсенбіде жаңартылатын рейтингіде жоғары көтерілмек.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Ал 14 жастағы Ариана Гогулина ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.
Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жастағы спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Тағы бір жаңа белесті бағындырған, чемпионымыз! 😍👍

3️⃣ «Союз МС-23» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерсіз барды.

Бұл туралы inform.kz мәлімдеді.

ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модулімен бүгін таңертең автоматты режимде түйісті.

«Союз МС-23» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерсіз барды.

Орбитада ғарыш вахтасында жүрген ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Союз МС-23»жаңа кемесін қабылдауға дайындалуда.
ХҒС-68 экипажының ұшу бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап орбитада жұмыс істейтін Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Франциско Рубио зақымдалған «Союз МС-22»кемесінің орнына келген осы кемемен жерге оралады.

2022 жылдың қазан айында Grew Dragon кемесімен ХҒС-қа ұшқан ғарышкер Анна Кикина осы жылдың наурыз айында Роскосмос пен NASA бағдарламасына сәйкес америкалық әріптестерімен бірге оралады.

Кеме Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған екен🔥