Арман Әшімов, Банк, Футбол. 6 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Сәуір, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингіде үш саты жоғары көтерілді.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық құрама жаңартылған рейтингіде үш саты жоғары көтеріліп, 112-орынға жайғасты.

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы матчта Словенияға (1:2) есе жібергенімен, кейін Данияны (3:2) жеңген еді.

ФИФА рейтингісі. 6 сәуір 2023 жыл:
1. Аргентина – 1840.93 ұпай
2. Франция – 1838.45
3. Бразилия – 1834.21
4. Бельгия – 1792.53
5. Англия – 1792.43
6. Нидерланд – 1731.23
7. Хорватия – 1730.02
8. Италия – 1713.66
9. Португалия – 1707.22
10. Испания – 1682.85
19. Дания – 1594.53
56. Финляндия – 1405.31
59. Словения – 1398.47
62. Солтүстік Ирландия – 1385.93
111. Кипр – 1179.45
112. Қазақстан – 1177.05
113. Гвинея-Бисау – 1172.3
211. Сан-Марино – 759.12.

Әлемдік аренадан көріне берейік!🤲🏻😍

2️⃣ Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды.

Ақпаратты ең беделді UFC промоушені ресми сайтында жариялады.

Әзірше келісімнің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сонымен қатар, келісімшартқа қол қою туралы ресми ақпарат та әлі айтылмады.
Google-дан табылған ақпаратқа сәйкес, бұл ақпарат 4 сәуірде жарияланған. Бірақ спортшы мен оның менеджері Саят Әбдірахманов промоушенмен келісімшартқа отырғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Алдағы мансап жолында сәттілік пен жеңіс тілейміз!🔥

3️⃣ Қазақстан банктері халыққа ескерту жасап, сақ болуға шақырды.

Қазақстандық банктер мен байланыс операторлары, атап айтқанда Beeline, Eurasian Bank, Forte Bank, Halyk Bank, Home Credit Bank, Jusan Bank, Kaspi Bank, Kcell, Nurbank, Tele2/Altel, Центр Кредит Банкі, Банк VTB (Қазақстан) бірлесіп, клиенттерге үндеу жасады.

«Соңғы уақытта қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Қаражатыңыздан айырылып қалмас үшін сақтандыру мақсатында сіздерге ескертеміз. Алаяқ қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысы қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджер арқылы сөйлесуді ұсынады. Чатта алаяқ банк қызметкерінің қолдан жасалған куәлігінің фотосын жібереді. Алаяқ қаражатыңызды біреулердің ұрлауға тырысып жатқанына сендіріп, оны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді. Бұдан кейін ақшаны алып, із жасырады. Біз, қазақстандық банк қызметкерлері телефон арқылы сөйлесу кезінде қаражатты ешқашан басқа шотқа аударуды ұсынбайтынын, құпиясөз бен код сұрамайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстандық банк қызметкерлері клиенттеріне ешқашан шетелдік нөмірден қоңырау шалмайды» делінген мәлімдемеде.

Олар шетелдік номерден хабарласып, код пен пароль сұрамайтынын айтты. ☝🏻📌