Арнелла Төлеген, Криштиану Роналду, Анна Далинина. 21-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасының негізгі құрамынан шеттетілді.

Бұл туралы Vesti.kz басылымы хабарлады.

The Athletic мәліметінше, «МЮ» командасының бас бапкері Эрит тен Хаг 37 жастағы шабуылшыны негізгі құрамның жаттығуынан шеттеткен. Енді ол жекелей дайындалады.

Сонымен қатар, Роналду АПЛ 13-турындағы «Челсиге» қарсы кездесуге қатыспайды.
Айта кетейік, кеше португалиялық футболшы «Тоттенхэмге» (2:0) қарсы ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалды. Ал ойында Роналду алаңға шықпаған.

Кейбір дереккөз мәліметінше, шабуылшы ойынның аяғында алаңға шығудан бас тартқан.

Ары қарай енді не болар екен?🤔

2️⃣ Қарағандылық оқушы Арнелла Төлеген ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша жасады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Талантты қыз Назарбаев Зияткерлік мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы. Ол мобильдік қосымшаны жасау үшін бір жылға жуық жұмыс істеді. Жақында ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде өз жобасын ұсынды.

«Қосымша студенттерге физика, химия, биология, информатика бойынша ағылшын тіліндегі терминдерді қайталауға көмектеседі. Енді біз оны жақсарту және App Store-да орналастыру үшін сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді Арнелла.

Айта кетсек, биылғы байқауға Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 42 жоба ұсынды.
Тоғызыншы сыныпта білім алатын тағы бір оқушы – Амели Қажыбекова физика мен биологияны интеграциялық зерттеу бойынша жоба жасады.

«Менің жобам физика мен биологияны интеграцияланған зерттеуге – есептер жинағын жасауға арналған. Ол екі жаратылыстану ғылымын біріктіру арқылы оқушылардың оқу тиімділігінің пайызын арттыруға бағытталған», – деп бөлісті оқушы.

Ғылыми жобалар байқауы екі турда өтеді: 17–22 қазан аралығында – онлайн-кезең; күзгі демалыста – нақты режимде Алматы мен Астанада.

Керемет!😍 Білімді жастарымыздың қатары көбейе берсін!🙌🏻

3️⃣ Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикада өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирінің ширек финалына шықты.

Ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жұптасып шыққан болатын.

Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.

Анна Данелина турнирдің екінші айналымдағы кездесуде Дезира Кравчик (АҚШ) пен Деми Схюрстан (Нидерланды) 3-6, 7-5, 10:8 басым түсті.

Құтты болсын!💐💐💐