Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады.
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.
Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.
«Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады.
Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», — дейді жас өнертапқыш.
Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.
6 сынып оқушысы Елдос Елу есімді талантты жігіттің еңбегі🔥👏🏻
2️⃣ Ароян «Астана» клубына оралды.
«Астана» Армения құрамасының футболшысы Вараздат Ароянның оралғаны туралы ресми мәлімдеме жасады.
Вараздат жеті дүркін чемпиондар қатарында бұған дейін ойнаған: 2021 жылғы маусымда ол 14 ойынға қатысып, бір гол соқты.
Айта кетері, астаналық командадан кейін Ароян испаниялық «Кадис» пен кипрлік «Анартосис» командаларында бір маусымнан ойнаған.
Қазақстан чемпионаты басталғалы үш тур өтіп, «Астана» екі рет жеңіп, бір рет жеңілді.
Сен бұл шешіміне қалай қарайсың?🤔
3️⃣ Астанада Наурыз мейрамына орай көже әзірлеуден Қазақстан рекорды орнатылды.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд кеше, 22 наурызда тіркелді.
Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнаған. Оған жүздеген келі бидай, күріш және ет жұмсалды. Содан кейін дайын Наурыз көже Ататүрік саябағында жүрген адамдарға ұсынылды.
«Екі тоннадан астам Наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр Наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды», — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша, Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатын 20 бидонға құйылды.
Ал сен мейрамды қалай қарсы алып жатсың? 😍