Қарт адам,Мектеп, Flyarystan. 2 тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 августа, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Әлемдегі ең қарт адам 127 жасында қайтыс болды.

Бразилияда 1895 жылы тамызда дүниеге келген ең қарт тұрғын Сеу Хосе Паулино Гомес өмірден өтті. Ол ғалең қарт тұрғыны болған.

«Осы жұма 28 шілдеде, Минас-Жерайс штатындағы Зона-да-Мата қаласындағы Педра Бонита қаласында ер адам 127 жасында қайтыс болды. Сильва тіркеу кеңсесінің мәліметі бойынша, қаладағы жалғыз Хосе Паулино Гомес 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Ал неке туралы куәлігі 1917 жылы тіркелген», — делінген G1 сайтындағы мақалада.

Бәріміз ұзақ ғұмыр кешейік!🤲🏻

2️⃣ Қазақстанда ақылы мектептерде білім алу құны 2 есе арзандайды.

«Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын және мыналарды: республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 600 еселенген мөлшерінде және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 200 еселенген мөлшерінде Халықаралық бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшері бекітілсін», — делінген ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту миинстрі бұйрығының жобасында.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын жекеменшік орта білім беру ұйымдарындағы оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшеріне білім алушылардың тұру (интернаттық ұйымдар), оларды жекеменшік орта білім беру ұйымына жеткізу және (немесе) кері қарай тасымалдау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан тыс қосымша білім беру қызметтері мен білім беру, сондай-ақ ерікті түрде жүзеге асырылатын білім алушылардың тамақтануы үшін төлемақы қосылмайды.

Керемет мүмкіндік!👍🔥

3️⃣ 3 тамыздан бастап FlyArystan ішкі және халықаралық рейстеріне тіркелу ақылы болады.

FlyArystan рейстеріне әуежайда тіркелу үшін ақша төлейсіз. Бұл қызметті алдын ала сатып алсаңыз — 5 000 теңге, ұшар алдында төлесеңіз — 10 000 теңге.
Ал алдын ала онлайн тіркелсеңіз — тегін.

«Уақытыңызды үнемдеңіз және аз уақытта отырғызу талоныңызды басып шығарыңыз. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстер үшін әуежайда тіркелу ақылы» деп ескертті компания.

Ескере жүріңіз!✔️