Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Әнел Сытдықова Антарктиданы жүзіп өткен тұңғыш қазақстандық атанды
ТМД елдері арасында алғаш болып қазақ қызы Антарктиданың мұздай суы арқылы жүзіп өтті.
Ол 750 метр қашықтықты 18.58.95 минутта бағындырған.
“Антарктиданың суларын жүзіп өттік. Мен үшін бұл өте қиын болды. Судың салқындығы – 1,4 градус болса, желдің жылдамдығы сағатына 35 шақырым еді. Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек. Антарктиданың мұздай құшағына сүңгіген аз ғана адамның қатарында болу мен үшін үлкен мәртебе”, дейді Әнел Сытдықова khabartv-ге.
Керемет!😍
2️⃣ Димаш Құдайберген төртінші мәрте жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды
«Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық премиясының қорытындысы шығарылды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.
Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды, — делінген dimash.news жазбасында.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.
Құтты болсын! Лайық👍
3️⃣ Қаржы пирамидалары биыл ел азаматтарын 20 млрд теңгеге шығынға ұшыратқан
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жыл басынан бері ел азаматтарын 20 млрд теңгеден аса шығынға ұшыратқан қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеген.
Бүгінгі таңда қаржы пирамидалары келтірген 20 млрд теңге залалдың 13 млрд теңгеден астамы өтелді.
Алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.
«Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды», деп нақтылайды ҚМА.
Абай болыңыздар!📌