Қаржы, Футзал, Концерт. 23 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда қарызға белшесінен батқан адамдарды қаржылық сауаттылыққа үйрететін сайт ашылды.

“AMANAT” партиясының  баспасөз орталығында “Қарызсыз қоғам” жобасының аясында Qogamfin.kz платформасы таныстырылды.

Аталмыш сайт елдегі екінші деңгейлі банктердің демеушілігімен әзірленген. Мақсаты – қарызға белшесінен батқан адамдарға қаржылық сауаттылық әліппесін үйретіп, қажет дегендерге заңгердің көмегін тегін ұсыну.

Жоба жетекшісі Ақмарал Бекмұрзаева былтыр бағдарламаға қатысқан 65 мың адамның орташа жасы 36 жас болғанын, бүкіл контингенттің 75 пайызы әйелдер болғанын, 10 пайызы зейнеткерлер екенін айтады.

“Өңірлер арасында Түркістан облысының тұрғындары белсенді қатысты. Осы 65 мың адамның 10 пайызы бір жылдың ішінде несиесін жапты. Бірақ бұл – шағын сомадағы несиелер. 5-6 млн теңгеден қарызы бар адамдар, өкінішке қарай, әлі төлеп жүр. Бұл жерде оларға төзімділік керек. Ондай адамдардың көбі біздің заңгерлердің тегін көмегінің, құқықтық сүйемелдеуінің арқасында борышын қайта қаржыландырды. 65 мың адамның 15 мыңы осы мүмкіндікті пайдаланды. Олардың ай сайын төлейтін сомасы азайтылғанмен, жылы ұзарды” , – деді ол.

Айтуынша, биыл жобаға 750 мың адамды тарту көзделген. Оның ішінде 200 мың ересек адам, 100 мың студент, 450 мың оқушы бар.

Керемет! Тіпті қажет болса, заңгердің де көмегі тегін ұсынылады екен👍

2️⃣ Танымал қазақстандық футзалшы Альберт Ақбалықов шетелдік клубқа ауысты.

Ол “Газпром-Юграх” командасында өнер көрсететін болды.

Prosports.kz спорт порталының жазуынша, 29 жастағы футзалшы әлі де “Қайрат” АФК-ға тиесілі. Ол маусымның соңына дейін “Газпром-Югра” футзал клубына клубына жалға берілді.

Югорск командасы қазір Ресей Суперлигасында екінші орында тұр.

Сәттілік!🙌🏻

3️⃣ Димаш Құдайберген туған күніне орай Стамбұлда концерт береді.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 24 мамырда Стамбұл қаласы Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді.

“Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында «Stranger» туры аясында Түркияның Стамбул қаласында жеке концертім өтеді. Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын!”, – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Әлемдік ареналарды бағындыра берсін деп тілейміз!🔥😍