Аслима Шакхат, Әлем чемпионаты, Магистратура.28-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Қараша, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Жетігенші оқушы ақтаулық Аслима Шакхат халықаралық байқауда топ жарды.

Аслима Шакхат – Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде жетіген класының 5-сыныбында оқиды.

Бұған дейін де қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Жетігеннен бөлек, Аслима скрипка және фортепианода ойнайды.

1-орын алыпты! Құтты болсын!🔥🔥🔥

2️⃣ Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды.

Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.
Қараша айында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 9 мыңнан астам өтініш қабылданды. Емтихан бүгін басталып, 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Магистратураға түсу форматына келетін болсақ, биыл ешқандай өзгеріс жоқ. Сондай-ақ онлайн-апелляция беруге болады. Техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда оқуға тапсырушы апелляцияға тестілеу кезінде, ал тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Апелляция қарастырылған соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

4000 адам бақ сынап жатыр екен!👍

3️⃣ Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында бүгін G тобындағы екінші турда Камерун мен Сербия тең түсті.

Аталған топтағы бірінші ойын Камерун және Сербия арасында болды. Алғашқы турда екеуі де қарсыластарына есе жіберді. Камерун Швейцариядан 0:1, Сербия Бразилиядан 0:2 есебімен жеңілді.
Құрамалар жарысты жалғастыруды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан өзара кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салатыны белгілі еді.
Төреші ысқырығы естілген сәттен ойын тартысты өрбіді. Африка құрлығының өкілдері алғашқы болып есеп ашты. Оны 29-минутта Жан-Шарль Кастеллетто өзінің еншісіне жазды. Оған Николя Н’Кулу пас шығарып берді.

Бірінші кезеңнің соңына таман сербиялық футболшылар басымдықты арттырды. Алдымен 46-минутта әріптесі Душан Тадичтің берген пасын Страхиня Павлович голға айналдырды. Осылайша ойын барысында таразы басы теңесті. Сәлден кейін сербиялық Сергей Милинкович-Савич 48-минутта өзінің құрамасын алға шығарды.
Екінші кезеңде қос құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болды. Нәтижесінде Александр Митрович 53-минутта есепті ұлғайта түсті.

Футболды тамашалап жүрсіңдер ме?)