Астана, Депозит, Эстафета. 28 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Ақпан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!📌

1️⃣ «Азия балалары» ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер эстафетада 2 жүлде алды.

Шорт-тректен БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар 3 мың метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында Мәлика Жолтабар, Айсара Лабиб (екеуі де – БҚО), Нұрия Алпысбай, Айзада Алтынбек (екеуі де – Астана), София Симакова (Рудный) өнер көрсетті.

Содан кейін бозбалалар 3 мың метрлік эстафетада мәре сызығын екінші болып қиды.

Мұнда Мейіржан Төлеген, Әліби Әлімгереев, Ерасыл Шыңғысхан, Санжар Бекежан, Мадияр Мадихов (бәрі де – Батыс Қазақстан облысынан) ел намысын қорғады.

Құтты болсын!😍👏🏻

2️⃣ Теңгедегі депозиттерге 10 пайыз сыйақы наурызда беріле бастайды.

10 пайыздық сыйақы наурыз айының екінші жартысында беріле бастамақ. Еліміздегі екінші деңгейлі банктер клиенттерден өтініш қабылдауды 23 ақпан күні тоқтатты. Теңге депозиті бойынша сыйақыны алуға 2 млн 623 мың адам өтініш берген.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады

Салымшылардың сұранысын өтеуге 307 жарым млрд теңге қажет. Ал ақша аудару жұмысына 20 күндей уақыт керек дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

«Өтемақы сомасы салымшылардың ағымдағы шотына аударылады. Сондықтан салымшыларға банкте ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеруге кеңес береміз. Егер жоқ болса, ашқаны жөн. Банктерден алынған соңғы дерек бойынша ең аз өтемақы сомасы 1 теңгені құрады. Ал ең жоғары өтемақы сомасы 2 млн теңге болды», – дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.

Ал орташа төлем сомасы шамамен 117 мың теңгені құраған. Бұл 10 пайыз өтемақы банктің ай сайынғы төлейтін сыйақысынан бөлек есептеледі.

Ал сіз теңге депозиті бойынша сыйақыны алуға өтініш бердіңіз бе?🤔

3️⃣ Елімізде Астана күніне байланысты демалыс 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.

«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», – деп жазылған құжатта.

Министрліктің түсіндіруінше, демалыс күнін ауыстырудағы мақсат «демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану».

Сонымен Қазақстан халқы Астана күні 2 күн қатарынан 6, 7 шілдеде демалады.

Бұл өзгеріске қалай қарайсың?)