Астана күні, McDonald’s, Жарыс. 5-ші шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 Шілде, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.

«Биыл Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу болмайды. Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорттық фестивальдерге дейін ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысан (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыт, скверлер, қоғамдық кеңістіктер, 80-нен аса аула аумақтарының және т.б. ашылуы өтеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымы концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т.б. ұйымдастырады.

2️⃣ Қазақстанда McDonald’s мейрамханалар желісі уақытша жабылды. Қашан ашылатыны әзірге белгісіз.

«Құрметті қонақтар! McDonald’s мейрамханалары техникалық себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейтінін хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымызды қарап отырыңыздар, мейрамханалар қашан қайтадан жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген мейрамхананың ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

McDonald’s өнімдерін ұнатасың ба?🤔

3️⃣ Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан сайыс өтеді. Аталмыш жарыс 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтейін деп жатыр.

Сен де қатысып, бағыңды сынап көр!🔥