Астана командасы, Абзал Әжіғалиев, Жазира Орақбаева. 6-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 Қараша, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ «Астана» командасы футболдан Қазақстан чемпионы атанды.

ҚПЛ-2022 чемпионы кім болатыны соңғы 26-турда шешілді. Атақ үшін соңғы тур алдында 2 ұпаймен ғана ерекшеленген екі беделді команда – «Астана» мен «Ақтөбе» өзара таласқа түсті. Турнир кестесі бойынша жоғары тұрған елордалық команда сыртта қарағандылық «Шахтермен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Батыс Қазақстан клубына ешқандай мүмкіндік қалмады.

«Ақтөбе» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады. Бірінші таймда 0:1 есебімен ұтылып жатқан олар арада 6 минут өткенде ұпайды теңестіріп, 3:1 есебімен тез алға шықты. Ал екінші таймды ақтөбеліктер 4:1 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс «Ақтөбеге» ҚПЛ чемпионатында 2-ші орын алуға мүмкіндік берді.

Бұл клубтың өз тарихындағы 7-ші жеңісі🔥🔥🔥

2️⃣ Абзал Әжіғалиев шорт-тректен Әлем чемпионаты кезеңінде күміс медаль иеленді.

Ол 500 метр қашықтықта конькимен жүгіруден екінші болып мәре сызығын қиды.

Қазақстандық спринтер жарысты 41.054 секунд нәтижесімен аяқтады. Канада өкілі Максим Лаун (40.946) алтын медаль еншіледі, үшінші тұғырға Оңтүстік Корея спортшысы Ли Джун-Со (41.350) көтерілді.
Осы қашықтықта, бірақ финалдық жарыста тағы бір қазақстандық Денис Никиша 40, 766 секунд уақыт нәтижесімен үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, қазақстандық команда мүшелерінің АҚШ-тағы Әлем чемпионаты кезеңінің басқа бағдарламаларында жүлдегер атануға мүмкіндігі бар.

5000 метр қашықтықтағы ерлер арасындағы эстафетада Адель Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Денис Никиша және Еркебұлан Шамхунов төрттігі финалға өтті.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Қазақстандық боксшы қыз Жазира Орақбаева Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің жартылай финалына өтті. Ширек финалда қазақстандық оңтүстіккореялық Ким Чевоннан басым түсті.
Осылайша, Орақбаева Азия чемпионатын кем дегенде қола медальмен аяқтайды.

Қазан айының соңынан бері Иордания астанасында Азия чемпионаты өтуде. Оған Қазақстан атынан 23 спортшы қатысып жатыр.

Керемет!😍