ASTANA-OPEN, Димаш Құдайберген, Лионель Месси. 27-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 ноября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!👇🏻

1️⃣ Лионель Месси әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, аты аңызға айналған Диего Марадонаны қуып жетті.

Аргентина құрамасы сапында Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты.

Сондай-ақ, Месси әлем чемпионатында айып алаңынан тыс жерден төртінші рет гол соқты, бұл көрсеткіш бойынша тек бразилиялық Ривелино (5 гол) алда тұр.

Еске салайық, Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының екінші турында Аргентина құрамасына Мексиканы жеңуге көмектескен болатын.
30 қарашада Польша мен Аргентина, Сауд Арабиясы мен Мексика кездеседі.

Жаңа рекорд!🔥🔥🔥

2️⃣ Тоқаев Димаш Құдайберген қатысқан концертті тамашалады.

«Қазақстан» орталық концерт залының сахнасында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов, Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар, сондай-ақ «Астана балет» театры, «Contrast», «Terra» би ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Еске салсақ, 26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде президент қызметіне кірісті. Ол алдағы 7 жылда ел президенті болады.

Ал сен көрдің бе?😉

3️⃣ Аcтанада 29-30 қараша күндері ASTANA-OPEN шорт-тректен чемпионаты өтеді.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады. Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.

Чемпионаттың жас санаты және қашықтығы:

— Кіші жастағы қыздар мен ұлдар:
2009 ж.т. (II жартысы – 500 м)
2011 ж.т. (I жартысы – 333 м)
— А тобындағы ұлдар мен қыздар:
2011 ж.т. (II жартысы – 500 м)
2013 ж.т. (I жартысы – 333 м)

Керемет!😍😍😍