Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Қазақстанда ең лас қалалар көшін Астана бастап тұр. Екінші орында Қарағанды қаласы болса, үшінші орында Алматы қаласы.
Қазгидромет еліміздегі ең қатты ластанған қалалар тізімін жариялады.
Астанада шекті жол берілетін нормалардан асып кетудің 1318 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Бабатайұлы көшесі ауданында ластанған.
Қарағанды қаласында шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 521 жағдайы тіркелді.
Алматы қаласында шекті жол берілетін шоғырланудан асып кетудің 123 жағдайы тіркелді. Қаланың ауасы Түрксіб ауданы бойынша барынша ластанды.
Ластану көрсеткіші жоғары өңірлердің тағы біңрі Петропавл. Мұнда шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 115 жағдайы тіркелді.
Ең таза ауа Шымкент пен Ақтөбеде тіркелді.
Ал сен қай қаладан боласың?)🤔
2️⃣ TikTok Қазақстандағы мұғалімдерге арналған #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялайды. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады — iPhone 13 PRO Max смартфондары.
TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-та танымал мұғалімдер болады: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және мұғалімдер тобы @jump2mars.
TikTok-та өз жолын енді бастаған оқытушылар үшін арнайы оқыту вебинары өткізіледі, бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндігі туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі.
Байқауға қатысуға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімі шақырылады. Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері хэштегі пайдаланылуы тиіс.
Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:
Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі — химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.
Жаңа мұғалім Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.
Үздік бейнеролик. Бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.
Мұғалімдеріңізді хабардар етіп қойыңыздар😍👍
3️⃣ Енді әлемдік додадаларда топ жарған спортшыларға берілетін зейнетақы 4 есеге өседі.
Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.
Олардың ай сайынғы төлемақы деңгейі осыған дейін 76 мың теңге болса, енді бұл қаражат 318 мың теңгеге дейін көтеріледі. Сондай-ақ биыл төрешілердің де жалақысы өсетін болды.
Жалпы қазақстандық спортшылардың дүбірлі додалардағы нәтижесі жаман емес. Атап айтсақ, Әлем жене Азия чемпионаттарында ел спортшылары жыл басынан бері 133 алтын, 135 күміс, 148 қола жүлдені иеленген.
«Шешімін таппай келе жатқан тағы бір мәселе 105 бұйрық бекітілді. Ұлттық Олимпиада комитеті ұлттық құрама командаларды дайындаумен айналысқалы 2017 жылдан бері оларға арналған спорттық жабдықтар сатып алынбаған. Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, спортшыларымызға спорттық жабдықтарды сатып алу әлдеқайда жеңіл болады», — деді МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов.
Керемет жаңалық🔥