Асық, Медаль, Градус. 13 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 сентября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 144 медаль еншіледі

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды.

«Қазанат» ипподромында өткен бәйгеден Қазақстан 18 жүлдеге ие болды: 6 алтын, 7 күміс, 5 қола.

Ұшқыр бәйге 1600 метр:
1-орын: «Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев (Қазақстан);
2-орын: «Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Турганжан Юлдашев, ат иесі – Булгынов Мерхат (Қазақстан);
3-орын: «Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нурасилов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).
Ұшқыр бәйге 2400 метр:
1-орын: «Берил Рэйсер», жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).
2-орын: «Адай», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев,(Қазақстан);
3-орын: «Роузлайн», жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан);
Ұшқыр бәйге 3200 метр:
1-орын: «Лайф’с Э Бриз», жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
2-орын: «Уэст Кост Найт», бапкері – Жусупов Даурен, ат иесі Жусупов Даурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);
3-орын: «Аляска Тайгер», жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).
Жорға 9 шақырым:
1-орын: «Чиксон Лок». жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
2-орын: «Ақ-жауын». Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
3-орын: «Императрица». Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).
Құнан бәйге 11 шақырым:
1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)
2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)
3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).
Топ бәйге 18 шақырым:
1-орын: «Холибой», шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан);
2-орын: «Зымыран», шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);
3-орын: «Кемеңгер», шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).
Аламан бәйге 25 км шақырым:
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).
Ал ипподром маңындағы этноауылда өткентеңге ілуден жеті құт стиліненБақыт Төлтай алтын жүлде алды.
Этноауылда құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған алтын жүлдеге ие болды. Ал күмісті Ержан Байқадамов, қола жүлдені Арман Қошқаров иеленді. Ителгі салуданБағдат Кеуенов қола жүлде иеленді.

«Алау» мұз сарайында өткен қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ақтық сында Қазақстан құрамасы 96:18 есебімен Қырғызстан спортшыларына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Қоржынымызда 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде бар🔥 Құтты болсын!

2️⃣ Елордада асық атудан тұңғыш әлем чемпионаты басталды

Астанада асық ату спортынан әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Аспан» спорт кешенінде өткен іс-шараны Көшпенділердің асық спорты Халықаралық федерациясы мен «Асық ату» республикалық федерациясы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

«Құрметті қатысушылар мен қонақтар. Бүгін асық атудан бірінші әлем чемпионаты болып жатыр. Ол қазақ жерінде өтіп жатқаны жайдан-жай емес. Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рақмет. Сіздерге сәттілік тілей отырып, бүгінгі жарысты ашық деп жариялаймын», — деді Мәжіліс депутаты, Көшпенділер Асық спорты Халықаралық федерациясының президенті Олжас Құспеков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш чемпионат қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін әлемдік аренада ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болмақ.

«Бүгін — тарихи күн. Себебі елордада асық атудан тұңғыш әлем чемпионаты өтіп жатыр. Асық ату — бұл қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Ойын ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Бір сөзбен айтқанда, бұл ойынның пайдасы мол», — деді Асық ату федерациясының атқарушы директоры Азамат Манапов.

Бүгін ашылу рәсімінде қатысушылар мен көрермендерге әсерлі концерттік бағдарламалар, ұлттық музыкалық және би қойылымдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ жиналғандар асық ату ойыны туралы жан-жақты ақпарат алып, оның қыр-сырымен танысты.

Тамаша! Сәттілік тілейміз!👍

3️⃣ 14-16 қыркүйекте күн 32 градусқа дейін жылынады

Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері әлі де ауқымды антициклон Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақытта жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі сағатта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түседі.
16 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі.

Жақсы жаңалық екен😍