Асық, Нашақорлық, Диплом. 5 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 июля, 2023


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда диплом QR-кодпен беріле бастады.

Биылдан бастап мектеп пен колледж дипломдарына QR-код басылады,

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, QR-код арқылы түлектің өзі немесе жұмыс беруші дипломның түпнұсқалығын тексере алады. Оны сканерлеу кезінде құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме шығады. Сол түлектің аты-жөні, білім беру ұйымының атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі көрсетілген.

Бұдан бөлек, 6 шілдеден бастап биылғы колледж дипломдарының электронды нұсқасы eGov порталы мен eGov mobile қосымшасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында қолжетімді болады.
Осылайша, түлектер eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-кодпен барлық ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде жібере алады. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылып келеді.
Айта кетері, биыл 140 мыңнан астам колледждер түлектері QR-коды бар диплом алады.

Ал сіз дипломды қалай алдыңыз?😉

2️⃣ Қазақстанда нашақорлықпен күреске 53,1 млрд теңге бөлінеді.

Қазақстан үкіметі нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Құжат президенттің 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ел. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында әзірленді.

Елде синтетикалық заттарды жасырын өндіру жағдайлары жиі анықталып жатыр. Апиынды, оның ішінде Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» деп аталатын транзит арқылы тасымал, каннабис тобының есірткі заттарының айналымы, сондай-ақ «дәріхана» нашақорлығы өзекті проблемалар болып отыр.

Нашақорлық түбегейлі жойылсын деп тілейміз🙌🏻

3️⃣ Астанада асық ойнайтын алаңдар ашылды.

Астананың 25 жылдығына орай Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарында асық ойнайтын алаңдар ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Сарыарқа ауданындағы Гүлдер саябағында орналасқан алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Бауыржан Ералы, Парламент депутаты Айдарбек Қожаназаров, Асық ату федерациясынң өкілдері мен ойын шеберлері қатысты.

Керемет бастама! Ұлттық спорттық ойындарымыз қайта жаңғырып жатыр😍🔥