Бәріне сәлем!
Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥
1️⃣ Қазақстандық ауыр атлет Асылжан Бектай Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Ол 89 келіге дейінгі салмақта үздік болды. Асылжан Бектай барлығы 362 (165+197) келі көтерді.
Екінші орында Эмиль Молдодосов (Қырғызстан) – 361 (166+195) келі. Масуд Чатраи (Иран) 358 (162+196) келімен үшінші болды.
81 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Айша Омарова ұлттық құрамаға тағы бір медаль әкелді. Биатлонның қорытындысы бойынша Омарованың көрсеткіші — 217 (93+124) келі.
Бірінші орын Сейедхалхам Хоссейниге (Иран) бұйырды – 227 (102+125) келі. Мотока Накадзима (Жапония) 223 (100+123) келімен үшінші болды.
Бахрейндегі әлем чемпионаты 16 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысып жатыр.
Жеңіс құтты болсын!✊🏻🔥🔥
2️⃣ Мәдениет және өнер саласындағы оқытушылардың жалақысы көтеріледі.
Мәдениет және спорт министрлігі бірқатар жоғары оқу орнының педагогтері мен басқарушы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы үкімет қаулысына өзгеріс енгізді.
Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Негізгі өзгеріске сәйкес, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы мен басшы қызметкерлері алатын айлық мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынады. Бұған дейін осы коэффицент 1,75 болған.
Айта кетері, Қазақстанда мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олар: Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.
Тамаша!😍👍
3️⃣ ТМД президенттері 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жылы деп жариялады.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ТМД мемлекет басшылары достастықтағы жылдарды қандай да бір бағытқа арнау мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
«2024 жылды Еріктілер қозғалысы жылы, 2025 жылды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – Нацизммен күрес бойынша Бейбітшілік және бірлік жылы, ал 2026 жылды Денсаулықты сақтау жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды», — деді Тілеуберді ТМД саммитінен кейін өткен брифингте.
Сондай-ақ дәстүр бойынша ТМД мемлекет басшылары кеңесі ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленетін қаланы анықтады.