Қасым-Жомарт Тоқаев, Жас Қанат, Емтихан. 13 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Сәуір, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️

1️⃣ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаға сағат пен орамал сыйлады.

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.
Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін президентке алғыс айтты. Даңқты теннисші алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Елена Рыбакина Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа орамал мен сағат алғанын айтты. Ал теннисші өз кезегіде кітап сыйға тарту еткен.

Ал Рыбакина өз кезегінде президентке кітап тарту етті.👍🔥

2️⃣ «Жас қанат-2023» байқауы 29 мамыр мен 3 маусым аралығында Республика сарайында өтетін болды.

«Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазір оған қатысушылардың есімдері белгілі болды. «Ән рингінде» өз облыстарының намысын қорғайтын талантты жастар туралы толығырақ баяндаймыз.

«Жас қанат» байқауы 3 жылдық үзілістен кейін Алматыға қайтып отыр. Өкінішке қарай, еліміздің бұл ірі мәдени шарасы оның негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономаревсіз өтпек. Бірақ байқау ұйымдастырушылары «Жас Қанат-2023» өз атына лайық өтуі үшін барын салмақ.
«Жас қанат» ел тәуелсіздігінің құрдасы. Байқау елмен бірге қиыншылық пен сәттілікті, жеңіс пен жеңілісті де көріп шықты. Тәуелсіз мемлекетпен бірге өсті, өркендеді. Бүгіндері халықты өз шығармашылығымен қуантып жүрген жұлдыздар осы байқаудың арқасында үлкен сахнаға жолдама алған еді. Олардың ішінде – Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетов сынды өнер саңлақтары бар.
2012 жылы жас әнші Димаш Құдайберген осы байқаудың бірінші жүлдесінің лауреаты атанған болатын. Артынан қазақ халқының мақтанышына айналған Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ұлының бүгінгі жетістіктерінде «Жас қанат» байқауының үлесі бар екенін ерекше атап өткен.
«Жас қанат-2023» байқауы 29 мамыр мен 3 маусым аралығында Республика сарайында өтеді. Жас таланттар мен әсерлі музыка әлемі қиысқан сиқырлы мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар штаб-пәтерінде бірінен-бірі асып түсетін небір идеялар дүниеге келуде.

Енді, биылғы конкурс қатысушыларымен танысайық:

1. АРУЖАН БИСЕМБАЙ, 20 жас, Орал қаласы
2. НАРҒЫЗ ЖАНҰЗАҚОВА, 17 жас, Ақтөбе қаласы
3. ДИАС ЖОРАБЕК, 19 жас, Алматы қаласы
4. АЛИНА САҒЫНБАЕВА, 16 жас, Астана қаласы
5. НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ, 27 жас, Петропавл қаласы
6. АЛМАГҮЛ БАТТАЛИЕВА, 23 жас, Алматы қаласы
7. НҰРАСЫЛ САТЫБАЛДЫ, 23 жас, Шымкент қ
8. МӘДИНА ҚАБДОЛЛА, 20 жас, Павлодар
9. ЕРАСЫЛ МҰҚАНОВ, 18 жас, Астана қаласы
10. ДИЛЬНАЗ САПАРҒАЛИЕВА, 20 жас, Астана қаласы
11. ЕРАСЫЛ ИНІБЕК, 25 жас, Үшарал қаласы
12. ЖАНЕЛЬ АТАМБЕКОВА, 16 жас, Сарыағаш қаласы.
13. ҚЫМБАТ ЖАМБЫЛБЕК, 23 жас, Жамбыл облысы
14. ЕРНАЗАР ЖҰБАН, 27 жас, Алматы қаласы
15. ӘСЕМ ЕДІГЕ, 27 жас, Қарағанды қаласы
16. АБАЙ ҚЫРЫҚБАЕВ, 27 жас, Қарағанды қаласы
17. КАМИЛЛА РАМАЗАНОВА, 18 жас, Қарағанды қаласы
18. БЕНАЗИР ӘЛІМХОДЖАЕВА, 23 жас, Алматы қаласы
19. АЛЕКСАНДРА ТУРЕЦКАЯ, 22 жас, Астана қаласы

Енді аз уақыттан кейін конкурсанттар Оңтүстік астанамыздың аға сахнасында бас қосып, өнерлерін ортаға салып, көрермендер мен жанкүйерлеріне ән мерекесін сыйлайды! Бізден жаңалық күтіңіздер!

Егер сізге фотосуреттер, сұхбат ұйымдастыру немесе басқа да қосымша материалдар қажет болса, баспасөз орталығына хабарласа аласыздар.

📞Байланыс: +7 777 363 2820 Марат Қайырбеков
E-mail: j-kanat-smi@internet.ru

Жас таланттардың өнерін сіз де тамашалап қайтыңыз!😍

3️⃣ 9-10 сыныптағы мектеп түлектерінің қорытынды емтихандары 2023 жылы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.

Оқу-ағарту министрі 2022-2023 оқу жылын аяқтау және оқушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлеуметтік желіде хабарлады.
Құжатқа сәйкес, орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.
9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі:

оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;

математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;

өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі:

оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;

алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;

өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.

Сәттілік тілейміз!🤲🏻