Ауа, Рейс, Мұғалім. 9 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 октября, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматылықтарға ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді.

Синоптиктер болжамынша, дүйсенбі, 9 қазанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Мұнда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Синоптиктер болжамынша, дүйсенбі, 9 қазанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Мұнда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Абай болыңыздар!☝🏻

2️⃣ Алматы облысында «Жылдың үздік мұғалімі» көлік ұтып алды.

Бұл туралы Almaty.tv мәлімдеді.

«Мұғалімдер облыстық байқауда екі күн сабақ береді. Облыстық комиссия мүшелері олардың сабағына қатысып, талдау жасады. Республикалық байқаудағы жетістіктері мен еңбегінің нәтижесі ескеріліп, үздіктер анықталды», – дейді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.

Сайыста жүлделі бірінші орынды Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы №1 мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі Айтқажы Тақылбек жеңіп, темір тұлпардың иесі атанды.

«Жыл сайын тәжірибелі, озық мұғалімдер, ұлағатты ұстаздар осы байқауға қатысуға асығады, олар тәжірибе алмасады. Менің де байқауға қатысу арманым болған», – деді «Жылдың үздік мұғалімі – 2023» байқауының жеңімпазы Айтқажы Тақылбек.

Өңірде бүгінгі таңда 35 мыңнан астам педагог қызмет етеді. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мұғалімдердің біліктілігін арттырып, білім беруді дамытуға бөлінетін қаражат артып келеді. 2023 жылы осы бағытқа 394 млрд теңге бөлініпті. Бұл облыстық бюджеттің 45 пайызын құрайды.

Құтты болсын!🔥

3️⃣ Air Astana Тель-Авивтен қазақстандықтарды алып кету үшін рейс орындайды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Тель-Авивтен Алматыға рейс 10 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-де ұшады деп жоспарлануда.

«Рейске кез келген күнге авиабилеті бар жолаушылар қабылданады. Бір жолаушыға 8 кг-ға дейін бір қол жүгі және 20 кг-ға дейін бір тексерілген жолжүк рұқсат етіледі», — деп жазылған хабарламада.

Авиабилеттері жоқ қазақстандықтар Қазақстан елшілігі арқылы арнайы тариф бойынша сатып ала алады. Жолаушылар тізімін Қазақстанның Израильдегі елшілігі де телефон арқылы жасайды: +972 (3) 741 78 05, +972 55 273 3813, +7 700 111 31 96.
Жолаушылар Тель-Авив әуежайына ұшудан бес сағат бұрын келуі керек.
Ведомство жолаушылардан әуежайға барған кезде жоғары қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.
Отанына ұшқысы келетін Израиль азаматтары ертеңгі рейсті Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша пайдалана алады. Рейс Алматы уақыты бойынша 10 қазан сағат 08.00-ге жоспарланған. Жолаушылар тізімін Израильдің Қазақстандағы елшілігі жасайды: +77171703405, +77172703407, +77172703423

Израильдегі жағдай шиеленіскен жағдайда рейстер тоқтатылуы мүмкін.

Рейске кез келген күнге авиабилеті бар жолаушылар қабылданады.📌