Autonesie.kz, «ақылды су құбыры», Қапшағай мұзы. 1 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Ақпан, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ 6 ақпан сағат 10:00-де autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдау басталады.

Әрбір адам өзінің электронды цифрлық қолтаңбасын қолданады. Сондықтан компьютерде NCALayer бағдарламасы болуы қажет.

“Cайтқа кіргеннен кейін «Өтінім беру» батырмасын басасыз. Сосын электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану керек. Сол кезде адамның аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде шығады. Одан кейін тек телефон нөмірі мен автоөндірушіні ғана енгізу керек. Сөйтіп, қол қойып, өтінімді жібересіз», – деді Ғаппаров жаңа платформаны таныстыру рәсіміне арналған брифингте.

Оның айтуынша, электронды кезекке өтінім бергенде көліктің моделін таңдауға мүмкіндік болмайды. Өндіруші кәсіпорын ғана көрсетіледі. Ал өтінім мақұлданғаннан кейін салонға бару керек.

«Өтінімнің мақұлданғаны да көрсетіледі. «Сіз сәтті тіркелдіңіз» деген жазу шығады. Осыдан кейін салонға барып, көліктің моделін таңдайсыз да, төлем есепшотын аласыз. Сосын банкке барасыз. Сол жерде төлем қабілеттілігін растау керек. Көлікті рәсімдеу шараларын 6 күннің ішінде аяқтау керек», – деп түсіндірді Ғаппаров.

Автосалондар мен банктер адамның электронды кезекте тұрғанын, я тұрмағанын тексеріп отырады.
Өтінім үш жағдайда, атап айтқанда, өтініш беруші бағдарлама бойынша көлік алған болса, екінші рет өтінім жіберсе, автокредит беруге қаржы жетіспесе, кері қайтарылады.

☝🏻6 ақпаннан бастап тек 761 адам құжат тапсыра алады.

2️⃣ Алматыда «ақылды су құбыры» іске қосылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында «Алматы су» МКК бас директоры Ілияс Қазиев хабарлады.
Бұл тек Алматы қаласын ғана емес, мегаполиске іргелес елді мекендерді де сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етеді.

«Жазғы жөндеу науқанында кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен жалпы көлемі 103 550 м3 39 таза су резервуары жуылып, тазаланды, 1,5 мың құдық, 1,9 мың вентиль, 1050 өрт сөндіру гидранттары ауыстырылып, жөнделді, 300 км су құбыры және 450 шақырым кәріз желісі тазартылды, 25 шақырымға жуық ең апатты желілер ауыстырылды», – деп атап өтті Іляс Қазиев.

2022 жылға арналған инвестициялық бағдарлама сумен жабдықтау бойынша 2,8 млрд теңге, су тарту бойынша 947 млн теңге болды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жаңа қызметтер енгізіліп, «ақылды су құбыры» – Цифрлы су құбырын құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.

Алматыда су құбырларының 54,2%, ал кәріз құбырларының 56,6% тозған. 1943 км су құбырын ауыстырып, 1000 шақырымнан астам кәріз құбырын қайта жөндеу керек. Әсіресе Загородный және Бурундай ірі кәріз коллекторларының тозығы жеткен.
«Жыл сайын кемінде 104 шақырым су құбыры желілерін және 73 км су бұру желілерін реконструкциялау қажет, ал қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жылына небәрі 20-25 шақырым құбырды қайта жаңартуға мүмкіндік береді», – дейді «Алматы су» МКК бас директоры Ілияс Қазиев.
Биыл сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тариф саясатын құру жоспарланып отыр.

Ерекше құбырлар қолжетімді болатын болды!👍

3️⃣ Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Батырхан Шүкеновтің әніне Қапшағай мұзында биледі.

Қапшағай су қоймасының мұзында түсірілген оның жаңа бейнебаяны аз уақыттың ішінде бір жарым мыңнан астам лайк жинап үлгерді. Ксения биіне Батыр Шүкеновтың «Отан ана» әнін таңдаған.

Бейнебаянды көрген Панкратованың оқырмандары «Музыка керемет, би – бомба», «Таңғажайып Панкратова және Қазақстан Республикасының таңғажайып мұзы», «Халық қазынасы», «Жарайсыңдар», «Әдемі» деп лебіздерін жеткізді.

Биді көре алдың ба?😍
Һ