Ауыл, Адам, Чемпион. 28 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 октября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды.

Ризабек 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласын айқын жеңді.

Өткен жылы Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында әлем чемпионы атанды – бұл Қазақстан тарихындағы еркін күрес балуандары арасындағы алғашқы алтын.
Ал биыл 20 жастағы Айтмұхан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Құтты болсын!👏🏻

2️⃣ Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

Көпшілігі ұлтын орыстан неміске ауыстырған.

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатта ұлтын ауыстырған.

Басым көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Одан қалды өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.

ІІМ мәліметінше, соңғы төрт жылда ұлт ауыстыру статистикасы мынадай:
2021 – 3254 адам;
2022 – 3363 адам;
2023 – 3366 адам;
2024 (қазіргі уақытқа дейін) – 2158 адам.

“Жүргізілген сараптама сәйкес, қазақстандықтардың арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар көп – 743, өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11”, – делінген ІІМ мәліметінде.

Мәссаған, бұған не дейсіздер? Көпшілігі ұлтын орыстан неміске ауыстырған екен🤔

3️⃣ Ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға 7,5 млн теңге беріледі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында “Дипломмен ауылға” жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға республикалық бюджеттен үй сатып алуға ақша берілетінін айтты.

“Қазіргі таңда Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Оның шеңберінде ауылдық жерлерде жеке үй салу ниетін білдірген ауыл тұрғындарына жаңа жер учаскелері бөлініп беріледі. Аталған учаскелер мемлекет есебінен сумен, электр қуатымен және газбен жабдықталады”, — делінген жауапта.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елді мекендерде өз жұмысшыларына үй салып берген жұмыс берушілерге субсидия (аумағы 100 шаршы метрден аспайтын үй құнының 50% мөлшерінде) төленеді.

Бұдан басқа қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдап жатқан өңірлерде үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты (үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде) беріледі.

“Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылда тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға (денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және т.б.) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға 2500 АЕК-ге дейін (аудан орталықтары үшін) және 2000 АЕК-ке дейін (ауылдық елді мекендер үшін) жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейін бюджеттік кредит беріледі”, — деді Бектенов.

Жақсы мүмкіндік екен!🔥