Автобус, Робот,Стипендия. 19 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 июля, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады.

Алматы мәслихаты жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады.

Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бағаның өсуін қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбат болуымен түсіндірді.

«Тасымалдаушылардың нақты шығыны 310 теңгеден асады, кейбір маршрутта 400 теңгеден асады. Осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді», — деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.

Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ке дейін арттырады.

Енді құны 120 теңге болады екен📌

2️⃣ Қазақстандық шенеуніктердің үштен бірінің орнын роботтар алмастыруы мүмкін.

Жасанды интеллект мемлекеттік қызметкерлердің күнделікті міндеттерін атқара алады, дейді цифрлық мемлекеттік қолдау орталығының жетекшісі Рүстем Бигари.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтегі тапсырмалардың 30%-ға дейіні “процесс” болғандықтан, оларды АИ көмегімен автоматтандыруға болады.

“Барлық мемлекеттік қызметкерді алмастыра алмайсыз, бірақ кейбір процестерді (трансформацияның бөлігі ретінде болатын әдеттегі процестер) машинаға сеніп тапсыруға болады”, — деді Бигари орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бұған не дейміз?😨

3️⃣ Қазақстандық академиктер өмір бойы стипендия алатын болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің «зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ғылым Академиясына ай сайынғы өмірлік стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысын дайындады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін»,- делінген құжатта.
Өмір бойғы ай сайынғы стипендия Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.

Уәкілетті орган:
* стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;
* стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

Алматы мәслихаты жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бағаның өсуін қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбат болуымен түсіндірді.

Жақсы мүмкіндік📌