Автокредит, Болашақ, Курс.24 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 Қаңтар, 2023


Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз. 🔥

1️⃣ Қазақ тілін тегін оқытатын курстар 12 өңірде ашылды.

«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» әңгімелесу клубтарын өткізіп жүр.
«Жастар рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, бір аптадан аз уақыт ішінде жастар қанатына азаматтардан 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

«Сабақ аптасына бір рет өтеді. Біз бұл үйірмелердің жұмысын үйлестіреміз, өйткені қазақ тілін меңгергісі келетіндердің барлығына жағдай жасауымыз қажет», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тек энтузиаст оқытушылар ғана емес, бірегей әдіс-тәсілдері бар новаторлар да сабақ береді.
«Біз лайф-хакинг әдісін қолданамыз. Бізде тек сабақтар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдени орындарда: театрларда, қазақ киносының көрсетілімдері және қазақ мәдениетімен танысу үшін түрлі іс-шара болады. Қатысушылар тек білім алып қана қоймай, қоғамдастықтың бір бөлігі болса дейміз», – деп атап өтті белгілі блогер Яков Федоров.
Мұндай клубтар Астана, Алматы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Жастар рухы» облыстық филиалдарының базасында жұмыс істейді.

Ана тіліміздің мәртебесі арта берсін!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ Әлемнің үздік ғалымдары тізіміне «Болашақ» түлектері де енді.

2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының кейінгі деректеріне сай, Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастыратын «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегі кірді.

Үміткерлер Scopus базасындағы жарияланым белсенділігінің өсу қарқыны бойынша іріктелді. 2021 жылы жұмысына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында еңбегіне ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.
«Жұмыстардың дәйексөзділігі – әріптестер тарапынан ғылыми қызмет нәтижелеріне жоғары баға беруі. Менің Астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясы бойынша ғылыми еңбектеріме көп сілтеме жасалды. Бұл жас ғалымдар үшін үлгі боларлық деп ойлаймын», – деді ғалым Ратбай Мырзақұлов.

Керемет бастама! Білімді азаматтарымыз көп болсын! 🙌🏻🔥

3️⃣ 4 процентік автокредит жаңа схема бойынша беріледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокөлік кредиті жаңа схема бойынша берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан Хабар 24 арнасына хабарлады.

Бұдан былай қазақстандықтар жеңілдетілген кредит бағдарламасы бойынша көлік алатын болса, алдымен өнеркәсіпті дамыту қорына барады. Сол жерде электронды тізім жасақталады. Осыдан кейін ғана автосалон мен банктерге бару қажет.
Министрдің айтуынша, бұл жүйе көліктерді уақытылы жеткізу мақсатында іске қосылмақ.
«Қолжетімді көліктермен қамту үшін осындай жүйені ұсынып отырмыз. Осы айдың аяғына дейін бағдарламаны іске қосу жоспарда бар. Бұл аптада өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өтікізіп, егжей-тегжейін айтады», – деді Қарабаев журналистерге берген сұхбатында.

Ал сен алып үлгердің бе?🤔