Аяз, Апат, Жалақы. 12 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 12 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар нмен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстанда ең жоғары жалақы төленетін 6 сала белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға талдау жасады.

Қаңтарда электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды. Блытырғы желтоқсанымен салыстырғанда бос жұмыс орындары саны 22,3 мыңға (-19 пайыз) төмендеді, ал түйіндеме саны 132 мыңға (+223 пайыз) өсті.

«Осылайша, қаңтарда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс еңбек биржасында өтініш берушілер ұсынысынан екі есе көп болды, бұл жыл басындағы жұмысқа қабылдау үдерістерінің белсенділігі төмендегенін білдіреді», – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.

Өңірлер бойынша, қаңтарда түйіндемелер санының өсуі барлық өңірде байқалған, ең аз өсім Астанада (+3,2 мың түйіндеме немесе желтоқсанмен салыстырғанда 56 пайызға өсім) тіркелді. Еңбек нарығындағы ұсыныстың ұлғаюының ең жоғары көрсеткіштерін оңтүстік өңірлердегі жұмыс күшінің профициті көрсетті: Қызылорда облысы (+17,2 мың түйіндеме немесе 531 пайыз), Шымкент (+9,7 мың түйіндеме немесе 401 пайыз) және Түркістан облысы (+27 мың түйіндеме немесе 358 пайыз).

«Ең көп жалақыны өз түйіндемесінде «үлкен деректер маманы» (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден жоғары), «бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің басшысы» (1,2 миллион теңгеден жоғары), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 миллион теңгеден жоғары) көрсеткен.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндірістік база басшыларына (900 мың теңгеден), инженер-конструкторларға (800 мың теңгеден) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден) ұсынған», – деді Еңбек министрлігі.

Олар орта есеппен 1,3 миллион теңгеден жоғары жалақы алады екен👍😍

2️⃣ Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады.

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Болжам бойынша, 13-14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтал бөліктер ықпалынан тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.
«Айдың ортасына қарай циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады, оның әсерінен республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді», – делінген хабарламада.

Сақ болыңыздар!📌

3️⃣ Әлемдегі ең жылдам марафоншы Келвин Киптум көлік апатынан қаза болды.

Ол өзінің жаттықтырушысы, руандиялық Жервез Хакизиманамен бірге жексенбі күні Кения батысындағы жолда келе жатып қаза болды.

Киптум 2023 жылы отандасы, әлемдегі ұлы марафоншылардың бірі Элиуд Кипчогенің қарсыласы болды. Ал былтыр қазанда Чикагода Кипчоге жетістігін жаңартып, 42 шақырым қашықтықты екі сағат, 35 секундта өткерді.

Екі спортшы биылғы жылдың соңында Париждегі Олимпиада ойындарында Кенияның марафон бойынша құрама командасының алдын ала тізіміне енгізілген.

Кения оппозициясының көшбасшысы әрі бұрынғы премьер-министр Раила Одинганың мәлімдеуінше, ел «нағыз қаһарманынан» айырылып, «атақты тұлға…және кениялық жеңіл атлетика иконасының қазасына байланысты» қайғырып отыр.

Көлікті өзі жүргізген екен! 😥 небәрі 24 жаста қыршынынан қиылды.