Аяз,Білім,Орта. 15 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 15 Қаңтар, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Алматыда жастарға арналған тегін комьюнити орталықтары ашылды.

8 комьюнити орталығы жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді.
Мұнда түрлі курсқа тегін қатысып, шығармашылық идеялармен алмасуға мүмкіндік бар. Қала берді жұмыс та таба аласыз.

Бұл әзірге Қазақстандағы жалғыз жоба.

Әр орталықта резиденттерге курс таңдауға немесе мамандық туралы шешім қабылдауға көмектесетін стейкхолдер бар. Мысалы, мобилография, таргетинг немесе SMM курстарын оқу, кәсіп ашқысы келетіндер заңгерлерден әрі кәсіпкерлерден кеңес ала алады.

Мұнда әртүрлі кеңеске жүгініп, тіпті жұмысқа орналасуға болады.👍

2️⃣ 2024 жылы Қазақстанда ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады.

2024 жылы Қазақстанда ұлттық үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы министр Ғани Бейсембаев ғылыми қоғамдастық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

«Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтерді оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру» модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде», — деді Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева қазір елімізде 215 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарланып отырғанын хабарлады. Мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57-ге ұлғайтылады. Сонымен қатар, биыл 14 психологиялық-медициналық педагогикалық кабинет ашу жоспарлануда.

Кездесу соңында Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Керемет!🔥

3️⃣ Қазақстан аймақтарында 33 градус аяз болады.

Алдағы үш күнде еліміздің көптеген облысында аяз болады.

«Қазақстанның көптеген облысында ауқымды антициклон әсерінен күн ашық және аяз болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы күтілуде, қар түрінде жауын-шашын түседі, жел және бұрқасын күшейеді», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -25-33 градус, күндіз 15-23 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -5-15 градус, күндіз -2-7 градус, ал батыста түнде -8-18 градус, күндіз -3-15 градус.

16 қаңтарда ірі қалаларда ауа райы қандай болады

Астана

Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -30, күндіз -21 градус аяз.

Алматы

Аздап қар жауады. Түнде -7, күндіз -2 градус суық.

Шымкент

Қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -5, күндіз -2 градус суық.

16-18 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы сәйкес қатты аяз болуы мүмкін.📌