Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің қалыптасу жолы

Автор: редактор 31 августа, 2022


💭 Дәстүрлі мәдениет — әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады.

🔷 Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.

🔷 Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді. Азаматтық қоғам әлі қалыптаспаған тұстағы ырымдар мен әдет-ғұрыптардан қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипін байқауға болады. Әдетте, дәстүрлі мәдениет уақыт ағымына, замана ырқына бағынбайды. Жас ұрпақ, жана буын мәдени дөстүрлерді өзгертуді мұрат тұтпайды да, әлеуметтік ортала берік орныққан салт-дәстүр адамдардың сапасына да уақыттан тысқарылық сезімін қалыптастырады.

📌 Қазақтың дәстүрлі мәдениеті ең алдымен эпос жанрынан басталады. Яғни, кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз.

📌 Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады

📌 Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ.


Читайте также