«Қазақстан аруы-2022», Алан Құрманғалиев, Сайлау. 19-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 ноября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Алматы облысында 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева мен 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева сайлауда өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен. 15 немере, 12 шөбере, 5 немене сүйіп отырған кейуана әр қазақстандық саяси науқанда өз таңдауын жасау керек дейді.
«Балаларымның болашағы үшін дауысымды беріп отырмын. Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін»,- деді 111 жастағы кейуана Нұржамал Мергенбаева.

Ал сен сайлауға бардың ба?🤔

2️⃣ Алан Құрманғалиев Ливанда үстел теннисінен өткен турнирдің чемпионы атанды.

Үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Алан Құрманғалиев Ливанда өткен WTT Youth Contender Jezzine турнирінде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алды. Жас қарағандылықтың жеңісі туралы Қазақстанның үстел теннисі федерациясы хабарлады.

Бірінші орынға жету жолында ол Обад әл-Абдулла (Катар), Карим Шалтун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейл (Голландия), Амирмахди Кешаварзи (Иран) сынды қарсыластарынан басым түсті.
Бұған дейін бұл турнирде тағы бір қарағандылық Мария Лукьянова 11 жасқа дейінгілер арасында алтын алған болатын.

Құтты болсын!✊🏻✊🏻🔥

3️⃣ «Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова атанды.

Байқаудың ақтық сынына 12 қыз шықты.

«Томирис Какимова, 24 жаста, Астана қаласы. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын халықаралық құқық мамандығы бойынша бітіріп, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде заңтану магистрі дәрежесін алды. Академиялық білім алуға қарамастан, ару шығармашылыққа уақыт табуға тырысқан.

Томирис бала кезінен биге құмар және ұлттық би бойынша гран-при жүлдегері бола отырып, түрлі жарыстқа қатысады. Ол спортпен және йогамен айналысуға уақыт табуға тырысады, ал бос уақытын отбасымен және туыстарымен өткізеді», — делінген жеңімпаз туралы ресми парақшада.

Сен байқауды тамашаладың ба?😍