Қазақстанда балалар лагерлеріне тегін билетті қалай алуға болады?
“Жазғы сауықтыру және жұмыспен қамту жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сынып оқушыларының 92%-ын, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, 2,9 миллионнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді. Демалыс орындарындағы балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда болады. 187 демалыс базасының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылады. Қалған 37 нысан 15 маусымда жұмысын бастайды”, — деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
📍Кімдер тегін билет ала алады?
•АӘК алуға құқығы бар отбасындағы балалар (атаулы әлеуметтік көмек);
•Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардың балалары;
•Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
•Төтенше жағдайға байланысты шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
•Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары.
📌 Ата-аналар немесе қамқоршы жандардың сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуының үш нұсқасы бар:
•Халыққа қызмет көрсету орталықтары;
•Облыстық (қалалық, аудандық) білім бөлімдері арқылы;
• eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы.
📌 Тіркеу кезінде қажет болатын құжаттар тізімі де берілген:
1. Өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
3. “АХАТ АХАЖ”
ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАТ АЖ)) электронды түрде баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туғаны туралы қағаз көшірмесі;
4. некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаса);
5. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
6. мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
•мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балалары үшін – жергілікті атқарушы органдар көрсететін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатынын растайтын анықтама;
•жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасы балалары үшін – алынған табыс туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік қызметтен табысы және басқа да түрлері бойынша); қызметі, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер);
•отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
•төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар және басқа санаттар үшін.
Бұл ретте су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген 3883 бала еліміздің сауықтыру орталықтарында тегін демалуға және “Жаздық Жолдама” КММ аясында 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алатыны хабарланды.