Қазақ тілі, Жұмыс, Аяз. 14 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Ақпан, 2024


Кеш жарық, қыздар нмен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстан азаматтығын алатын шетелдіктер қазақ тілін білуге міндетті болады.

Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі мобильді студиясында депутат Жарқынбек Амантайұлы айтты.

Ол Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтар өтініш беру үшін ең алдымен қазақ тілін білуі шарт болатынын атап өтті.

“Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтар тілді кемінде ауызекі деңгейде меңгеруі керек. Екінші мәселе – Қазақстан Ата Заңының негіздерін білуі тиіс. Мұнымен қоса, Қазақстан тарихының өзегін, негізін білуі керек. Құжат аясында осындай талаптар еніп отыр, яғни әлемде бар тәжірибе. Жалпы, осы талап көптің көкейінде көптен айтылып жүрген мәселе”, – деді Жарқынбек Амантайұлы.

Керемет! Жақсы бастама!🔥

2️⃣ Енді кез келген жұмыс беруші дипломның түпнұсқа не жалған екенін тексере алады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек цифрлық сервис арқылы бірыңғай базаға 1991 жылдан бастап берілген барлық диплом енгізіліп жатқанын атап өтті.

«Арнайы платформада 1991 жылдан бастап берілген барлық дипломды енгізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар 2018 жылдан басталған еді. Осы күнге дейін 3,5 млн диплом базаға енгізілді. Ресми дипломның бірегей нөмірі мен QR-коды болады. Енді кез келген азамат, жұмыс беруші арнайы цифрлық қызмет арқылы дипломның түпнұсқа не жалған екенін тексере алады», – деді Саясат Нұрбек мәжіліс кулуарында.

Осы тұста ол жалған диплом жасайтындар мен оны сататындар жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.👍

3️⃣ Қазақстанға 15-17 ақпан аралығынла 38℃ аяз болады.

Қазгидромет мамандары 15-17 ақпанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік-батыстан арктикалық антициклон Қазақстан аумағына жылжиды. Сөйтіп республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтиды.
Ол аязды ауа райын әкеледі.
15 ақпан — шығыста, 16 ақпан — еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Көктайғақ, бұрқасын соғады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпан шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін суытады.

Абай болыңыздар!📌