Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз✔️
Қазақстанның Ұлттық қорынан алынған қаражат көлемі 1,45 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның Ұлттық қорынан алынған қаражат көлемі 1,45 трлн теңгеге жетіп, түскен түсім 520 млрд теңгені құрады.
Қаржы министрлігі Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуы жөніндегі ай сайынғы есебін жариялады. Осылайша, жыл басынан бері Ұлттық қорға 631 млрд теңге түсім түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46%-ға төмен. Ал қаражат алу көлемі өзгеріссіз қалды.
Түсім құрылымында мұнай-газ секторынан түсетін салықтар айтарлықтай азайды:
• Корпоративтік табыс салығы (КТС) 60%-ға немесе 377,6 млрд теңгеге төмендеді;
• Қол қойылым бонусы (НДПИ) 76%-ға немесе 85 млрд теңгеге азайды;
• Экспортқа ренталық салық 40,8%-ға немесе 48,8 млрд теңгеге қысқарды;
• Өнім бөлісу туралы келісімдер (СРП) бойынша түсімдер 12%-ға немесе 32,1 млрд теңгеге азайды.
Ал 1,45 трлн теңге қаражат мынадай бағыттарға жұмсалды:
• Кепілдендірілген трансферттер – 1,2 трлн теңге;
• Нысаналы трансферттер – 250 млрд теңге;
• Қорды басқаруға арналған шығыстар – 1,3 млрд теңге.
Осылайша, 2025 жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қор бойынша операциялардың нетто-позициясы (-)819,8 млрд теңгені құрады. Бұл қор активтерінің жыл басындағы 33,1 трлн теңгеден 32,2 трлн теңгеге дейін төмендеуіне әкелді.
Ең алаңдатарлық жайт — мұнай өндірісінің артуына қарамастан, мұнай секторынан түсетін салықтардың күрт азаюы. Бұл еліміздің экономикасының ренталық табысқа тәуелділігінің қаншалықты осал екенін айқын көрсетеді. Мұнай бағасы жеткілікті деңгейде жоғары болмаған жағдайда, бюджеттік тәуекелдер күрт өседі.
Brent маркалы мұнай бағасы қазіргі уақытта барреліне шамамен 70 доллар деңгейіне дейін төмендеді, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 87–89 доллар аралығында болған. Сонымен қатар, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндірісін кезең-кезеңмен арттыру туралы уағдаласты. Отыз елдің сегізі өндіріс көлемін тәулігіне 411 мың баррельге ұлғайту жөнінде шешім қабылдады, бұл үш айлық өсімге тең. Нарық мұндай өсімді күтпегендіктен, мұнай бағасының төмендеуі үдей түсті.
Бұл жағдай еліміздің бюджеттік қауіп-қатерін арттыруы мүмкін.
Мәссаған😮
Шымкентте қызғалдақ терген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Түркістан облысы полициясының мәліметінше, бұл әйел Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Ордабасын ауданындағы Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан далада заңмен қорғалатын гүлдерді жинап жүрген.
Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Полиция азаматтарға сирек кездесетін және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жоюға жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Абай болыңыздар!‼️
Қазақстандықтар мамырда 12 күн демалады
Finratings.kz хабарлағандай, биыл мамыр айында үш ресми мереке жұмыс күндеріне сәйкес келеді.
Мамыр – демалыс күндеріне ең бай айлардың бірі. Биыл мерекелердің ешқайсысы сенбі-жексенбіге түспейді және оларды ауыстыру қарастырылмаған, сондықтан демалыс күндері өзгеріссіз қалады.
Мерекелік күндер:
• 1 мамыр, бейсенбі – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр, сәрсенбі – Отан қорғаушылар күні;
• 9 мамыр, жұма – Жеңіс күні.
Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер мамыр айында 12 күн демалады.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін мамыр айында 7 күн демалыс қарастырылған.
Тамаша😍
Қостанайлық әйел өзін Киану Ривз деп таныстырған алаяқтың құрығына түсе жаздады
Киану Ривзге көмектеспек болған қостанайлық әйелді полиция мен банк қызметкерлері алаяқтардың әрекетінен сақтап қалды.
Қостанайлық 62 жастағы әйел алты ай бойы өзін Голливудтың әйгілі актері Киану Ривз деп таныстырған TikTok желісінің қолданушысымен хат алмасқан.
«Әйелдің айтуынша, ол өмірлік қиын жағдайға тап болғанын түсіндіріп, көмек сұрап, оған 400 АҚШ доллар аударуды өтінген. Әйел ақшаны шотқа қалай аудару керектігін білмегендіктен, ол банкке баруды шешкен. Банк қызметкерлері күдікті жағдайды байқаған», — дейді ведомстводағылар.
Әйел ақша аудармақ болған шот белгісіз ойын компаниясына тиесілі болған. Банк қызметкерлері дереу полицияға хабарлаған. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері уақытында әйелді ақша аудармауға көндірген.
Әйел алаяқтарға сәуір айының басында да күдіктілерге ақша жібермек болған, дейді полиция.
Абырой болғанда, ол ақша аударып үлгермепті😯